Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2011.12.21 N 55-7 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 50 бабының 5 тармағына сәйкес аудан мәслихаты мен аудан әкімдігі БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жеке меншікте болу ең аз мөлшері ауданымыздағы бір жан басына берілу нормасына сәйкес, барлығы 5 гектар жер, оның ішінде: суармалы егістік жері 0,5 гектар, шабындық жер 0,2 гектар, жайылымдық жер 4,3 гектар болып белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Нурахуновқа жүктелсін.
3. Осы бірлесіп қабылдаған шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Х. Имиров
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М. Нуров
Ұйғыр ауданының әкімі К. Омаров