"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Меркі ауданының Ойтал кенті Ойтал ауылы, Мойынқұм ауданының Мыңарал кенті Мыңарал ауылы, Т.Рысқұлов ауданының Луговое кенті Луговое ауылы, Талас ауданының Көктал кенті Көктал ауылы, Шу ауданының Бірлік кенті Бірлік ауылы болып қайта құрылсын.
2. Меркі ауданының Ойтал кенттік округі Ойтал ауылдық округі, Мойынқұм ауданының Мыңарал кенттік округі Мыңарал ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауданының Луговое кенттік округі Луговое ауылдық округі, Талас ауданының Көктал кенттік округі Көктал ауылдық округі, Шу ауданының Бірлік кенттік округі Бірлік ауылдық округі болып қайта құрылсын.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі Б.ЖЕКСЕНБИН
Облыстық мәслихат
сесиясының төрағасы Т.ХАЛЫҚ
Облыстық мәслихат
хатшысы Ә.ӘСІЛБЕКОВ