Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 87 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 08 мамырда 1684 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010.02.25 № 62 Қаулысымен.

      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті", "Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті", "Жамбыл облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті", "департаменттің табиғат қорғау және кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану бөлімі" деген сөздер "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы", "Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы", "Жамбыл облысы әкімиятының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы", "басқарманың табиғат қорғау және кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану бөлімі" деген сөздермен ауыстырылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-1 бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын көтеру мақсатында Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" (1 қосымша);
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шарттарын тіркеу" бекітілсін (2 қосымша).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                                Б. Жексембин

Облыс әкімиятының
2008 жылғы 27 наурыздағы
N 87 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбiн анықтайды.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 44 бабы , "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтар N 108 қаулысы негізінде көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а.

      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану операциясын жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу актісі болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттары құзіретті органмен қол қойылған (ары қарай-тұтынушы) жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 15 күн ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут.

      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық "Ақ жол", "Знамя труда" газеттерінде жарияланған, Жамбыл облысы әкімиятының ресми сайтында: www.zhambyl.kz орналастырылған, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша орналасқан стендте орнатылған.

      10. Жұмыс кестесі: барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу бойынша құжаттарды қабылдау күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа) сағат 13 00 -ден 15 00 -ге дейін түскі үзіліспен сағат 09 00 -ден 19 00 -ге дейін алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

      11. Азаматтарды қабылдау бөлмелері қызметті тұтынушылармен жұмыс үшін жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

       12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мемлекеттік қызмет алуға арналған өтініш;
      2) бірінші басшы, орынбасары немесе оның тапсырмасы бойынша басқа уәкілетті тұлғаның қолы қойылған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізуге арналған келісім-шарты;
      3) Оңтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасымен берілген кен немесе геология иелігі;
      4) Оңтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасымен келісілген және бірінші басшымен бекітілген келісім-шартқа жұмыс бағдарламасы;
      5) "Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      6) "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша Салық комитеті" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      7) "Жамбыл облысының әділет департаменті" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      8) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Шу-Талас экология департаменті" аумақтық орган - мемлекеттік мекемесімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      9) "Оңтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      10) "Жамбыл облысы әкімиятының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      11) "Жамбыл облысы әкімиятының төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарттың жобасын келісу.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк (өтініш нысандары және т.с.с.) беру "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің канцеляриясында, мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 9 кабинет.

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтініштерді және басқа да құжаттарды "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің канцеляриясына мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 9 кабинет.

      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу жеке бару болып табылады.
      Қызмет көрсетудің соңңғы нәтижесі жауапты адам мына мекен-жайы бойынша беріледі: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133, 1-қабат, 8 кабинет, табиғат қорғау бағдарламасы және кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану бөлімі.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан мына жағдайларда бас тартылуы мүмкін, егер осы стандарттың 12-тармағында көзделген барлық қажеттi құжат ұсынылмаса.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыға қатысты мемлекеттік органның жұмыс қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) сыпайылық;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
      3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілген - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.

4. Жұмыс нәтижелері

       19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетету "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 9 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail.ru/, телефон: 43-67-97.

      22. Шағым "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, мына мекен-жай бойынша беріледі: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 1 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail.ru/.

      23. Келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетілген шағымдарды және сұратуларды тіркеу талоны болып табылады.
      Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орынын, шағымның қаралу барысы туралы "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша білуге болады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 1 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail.ru/, телефон: 45-15-03.

6. Байланыс ақпараты

       24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
      1) "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің директоры: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 2 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail.ru/, байланыс телефоны: 45-15-03, қабылдау кестесі: сейсенбі 10 00 -нан 13 00 -ге дейін.
      2) "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 5 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail.ru/, байланыс телефоны: 45-45-78, қабылдау кестесі: бейсенбі және жұма сағат 10 00 -нан 13 00 -ге дейін.
      3) Жоғары ұйымның байланыс деректері "Жамбыл облысының әкімияты, Тараз қаласы, Абай көшесі, N 125.

      25. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу мәселелері бойынша консультацияны мына телефонына қоңырау шалып алуға болады: 43-67-97.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норма-
тивтік
мәні

Көрсет-
кіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

85%

80%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан  аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына  қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

75%

65%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100%

90%

80%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратға қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

75%

60%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

98%

50%

45%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет  көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,2%

0,3%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттадырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100%

75%

65%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

70%

60%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

Облыс әкімиятының
2008 жылғы 27 наурыздағы
N 87 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

"Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шарттарын тіркеу"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шарттарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбiн анықтайды.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет ҚазаҚстан Республикасы Азаматтық кодексінің 308-бабының 1-тармағы және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 14-бабының 1-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызмет "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а.

      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын мемлекеттік тіркеу куәлігі.

      6. Мемлекеттік қызмет барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттары құзіретті органмен қол қойылған (ары қарай-тұтынушы) жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 7 күн ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут.

      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық "Ақ жол", "Знамя труда" газеттерінде жарияланған, Жамбыл облысы әкімиятының ресми сайтында: www.zhambyl.kz орналастырылған, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша орналасқан стендте орнатылған.

      10. Жұмыс кестесі: барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған кепілдік шарттарды тіркеу бойынша құжаттарды қабылдау күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа) сағат 13 00 -ден 15 00 -ге дейін түскі үзіліспен сағат 09 00 -ден 19 00 -ге дейін алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

      11. Азаматтарды қабылдау бөлмелері қызметті тұтынушылармен жұмыс үшін жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

       12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;
      2) кепілдік берушімен және кепілдік ұстаушымен қол қойылған барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шарты, 2 данада.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк (өтініш нысандары және т.с.с.) беру "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінінің канцеляриясында, мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 9 кабинет.

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтініштерді және басқа да құжаттарды "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінінің канцеляриясына мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 9 кабинет.

      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу жеке бару болып табылады.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі жауапты адам мына мекен-жайы бойынша беріледі: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133, 1-қабат, 8 кабинет, табиғат қорғау бағдарламасы және кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану бөлімі.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан мына жағдайларда, егер:
      1) құзыретті органның кепілге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаты жоқ болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмейтін кепіл шарты бар кепіл туралы келісім-шарт.

3. Жұмыс қағидаттары

       18. Тұтынушыға қатысты мемлекеттік органның жұмыс қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) сыпайылық;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
      3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.2008 N 305 Қаулысымен.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетету Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 9 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail.ru/, телефон: 43-67-97.

      22. Шағым "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, мына мекен-жай бойынша беріледі: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 1 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail.ru/.

      23. Келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетілген шағымдарды және сұратуларды тіркеу талоны болып табылады.
      Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орынын, шағымның
қаралу барысы туралы "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша білуге болады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 1 кабинет, электрондық почта: //dpr - taraz@mail. ru/, телефон: 45-15-03.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
      1)"Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің директоры: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 2 кабинет, электрондық почта:
//dpr_taraz@mail.ru/, байланыс телефоны: 45-15-03, қабылдау кестесі:
сейсенбі 10 00 -нан 13 00 -ге дейін.
      2) Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары: Тараз қаласы, Абай көшесі, 133-а, 5 кабинет, электрондық почта: //dpr_taraz@mail.ru/, байланыс телефоны: 45-45-78, қабылдау
кестесі: бейсенбі және жұма сағат 10 00 -нан 13 00 -ге дейін.
      3) Жоғары ұйымның байланыс деректері Жамбыл облысының әкімияты, Тараз қаласы, Абай көшесі,№125.

      25. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шарттарын тіркеу мәселелері бойынша консультацияны мына телефонына қоңырау шалып алуға болады: 43-67-97.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсет- кіштің
норма-
тивтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

85%

80%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан  аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына  қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

75%

65%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100%

90%

80%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

75%

60%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

98%

50%

45%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет  көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,2%

0,3%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттадырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100%

75%

65%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

70%

60%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады