"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Үшбұлақ станциясының тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Үшбұлақ станциясындағы көшеге Жылқыбайұлы Жолмахан есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ботамойнақ ауылдық округі Әкімінің аппаратының бас маманы Ә. Қуанышевке жүктеймін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ботамойнақ ауылдық
округінің Әкімі Д. Наурызбаев