Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ереже туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 02 қазандағы N 10-8 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 10 қарашада 67 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 13-8 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009.01.27 № 13-8 Шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы               хатшысы
      Е. Мақұлбаев                       Т. Сүгірбай

Қордай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 2 қазандағы
№ 10-8 шешімімен бекітілген

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға
(жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді
тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ереже

      Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегі - табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының орнын толтыру үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының негізінде мемлекет тарапынан төленетін ақы.

1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға
(жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді
тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен
мөлшері

      1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегі (әрі қарай тұрғын үй көмегі) осы жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қайта жалдаушы) болып табылатын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      2. Тұрғын үй көмегі орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табыстары белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының орнын толтыру үшін жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде және тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) жалпыға ортақ кондоминиум объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жетпіс еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегін алу үшін Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуіріндегі № 119 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына" сәйкес құжаттар тапсырылуы қажет (Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылы 06 маусымда 1691 нөмірімен тіркелді).

2. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға
(жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді
тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегінің төлеуі аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана, екінші деңгейдегі банкілер немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады