РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шу ауданы бойынша жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларының түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекараларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 24 мамырдағы № 23-3 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-33 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 маусымдағы № 50 "Шу өңірі" газетінде жарияланған, "2006 жылғы 24 мамырдағы № 23-3 "Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларының түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 9 қазандағы № 3-3 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-55 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 қарашадағы № 96 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Мәслихат хатшысы |
Ж. Табулдиев | Б. Саудабаев |
Шу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-5 шешіміне қосымша |