Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 29/228 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-71, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 37 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 44-45 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 3 тармақтың 1 тармақшасында "4000" саны "10000" санымен ауыстырылсын;
2) 3 тармақтың 2 тармақшасында "2000" саны "5000" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.Қ. Баймағанбетов).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы Р. Қойбағарова
Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
12 наурыз 2008 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
12 наурыз 2008 жыл
Қаржы бөлімі бастығының
міндетін атқарушы Тлеулесова Ж.М.
12 наурыз 2008 жыл