Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 25 сәуірде N 8-4-71 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 29/228 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 29/228 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Жыл сайынғы бір жолғы көмек алатын жеке санаттағы азаматтар анықталсын:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар;
      3) Ұлы Отан соғысының майдандарында әскери іс-қыймылға қатысқан ерікті жалданғандар және әскери қызметкерлер;
      4) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      5) Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған әскерилердің екінші некеге тұрмаған жесірлері;
      6) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге байланысты (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
      7) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған адамдар;
      8) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан аз емес жұмыс жасаған азаматтар.
      3. Жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсетудің мөлшері анықталсын:
      1) 2 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген тұлғаларға - 30000 теңге;
      2) 2 тармақтың 2-8 тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға - 15000 теңге.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2008.03.12 N 7/62 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтанқараңыз); 2009.04.22 N 19/150 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2010.02.24 N 28/218 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      4. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Қ. Адамова) Балқаш қаласының біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (Б.А. Бекмағанбетов) және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен (Х.Б. Тұяқаева) салыстырылып тексерілген тізімдер бойынша жоғарыда көрсетілгендерге жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмекті мезгілінде төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. Қаржы бөлімі (Томпиева Ж.Қ.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен әлеуметтік көмекті мезгілінде қаржыландырсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.Қ. Баймағанбетов).
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            А. Гусев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Л. Коробейникова

      "Келісілді"

      Қала әкімі                                 Токушев Қ.Ә.
      02 сәуір 2007 жыл

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Адамова Қ.Қ.
      02 сәуір 2007 жыл

      Қаржы бөлімінің
      меңгерушісі                                Томпиева Ж.Қ.
      02 сәуір 2007 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады