"Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/62 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 31 наурызда N 8-4-102 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 29/228 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 29/228 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-71, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 37 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 44-45 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 3 тармақтың 1 тармақшасында "4000" саны "10000" санымен ауыстырылсын;
      2) 3 тармақтың 2 тармақшасында "2000" саны "5000" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.Қ. Баймағанбетов).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы                            Р. Қойбағарова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі                                 Тейлянов Қ.Г.
      12 наурыз 2008 жыл

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Адамова Қ.Қ.
      12 наурыз 2008 жыл

      Қаржы бөлімі бастығының
      міндетін атқарушы                          Тлеулесова Ж.М.
      12 наурыз 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады