Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.24 N 43/336 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.
2. Бір жолғы материалдық көмектің көрсетілетін көлемі анықталсын:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Совет Армиясының ерікті жалдамалы құрамаларының адамдарына - 50 000 теңге;
2) қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтардың, жалпы ауыруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 15000 теңге, оның ішінде 5000 теңге дәрі-дәрмек алуға;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз қызметі үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медалдарымен наградталған, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға - 15000 теңге, оның ішінде дәрі-дәрмек және азық-түлік тағамдарына - 10000 теңге.
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Адамова Қ.Қ.) жоғарыда көрсетілген тұлғаларға жыл сайынғы 1 сәуірге Балқаш қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (Бекмағанбетов Б.А.) және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен (Сидорова Ю.Д.) салыстырылған тізім бойынша уақытылы біржолғы материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін.
4. Қаржы бөлімі (Томпиева Ж.К.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бойынша 007 бағдарламасында қарастырылған қаржы есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге арналған төлемдерді қаржыландыруды уақытылы қамтамасыз етсін.
5. Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылған деп танылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы С. Пшенбаев
Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
КЕЛІСІЛДІ
Қала әкімінің
міндетін атқарушы Нысанғалиев Ж.Ә.
2010 жыл 16 сәуір
Қаржы бөлімінің бастығы Томпиева Ж.К.
2010 жыл 16 сәуір
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
2010 жыл 16 сәуір
Қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 16 сәуірдегі
N 29/228 шешіміне
1 қосымша
Қалалық мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің
тізімі
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-71 болып тіркелген, 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 37 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 44-45 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
2. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/62 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-102 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 28 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 42 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
3. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 19/150 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-141 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 мамырдағы N 55 "Балқаш өңірі" газетінде, 2009 жылғы 13 мамырдағы N 55 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
4. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 ақпандағы N 28/218 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-175 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы N 39-40 "Балқаш өңірі" газетінде, 2010 жылғы 26 наурыздағы N 34-35 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).