Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-25, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/388 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-64, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтың екінші абзацында "1115" саны "1360" санымен ауыстырылсын, "1820" саны "1955" санымен ауыстырылсын;
үшінші абзацында "920" саны "1088" санымен ауыстырылсын, "1841" саны "1976" санымен ауыстырылсын;
төртінші абзацында "813" саны "947" санымен ауыстырылсын, "1933" саны "2067" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы Р. Қойбағарова
Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
05 наурыз 2008 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
05 наурыз 2008 жыл
Қаржы бөлімі
бастығының міндетін атқарушы Тлеулесова Ж.М.
05 наурыз 2008 жыл
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Шлыкова З.С.
05 наурыз 2008 жыл