"Жинау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық жабдықтау, тазалықты қамтамасыз ету және Шахтинск қаласының аумағында және маңындағы кенттерде абаттандыру Қағидаларын", "Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде жасыл желектерін қорғау мен күтіп ұстау Ережесін", "Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде үй иттерін, мысықтарды ұстау Ережелерін" бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы N 426/7 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 қарашада N 8-8-57 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі N 812/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2012.04.06 N 812/3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1) "Жинау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық жабдықтау, тазалықты қамтамасыз ету және Шахтинск қаласының аумағында және маңындағы кенттерде абаттандыру Қағидалары";
      2) "Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде жасыл желектерін күтіп ұстау және бұзу, есепке алу мен қорғау Ережесі";
      3) "Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде үй иттерін, мысықтарды ұстау Ережесі" бекітілсін.
      2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 19 қазандағы N 141/18 "Шахтинск қаласын және маңындағы кенттерді абаттандыру қағидасын бекіту туралы" (Шахтинск қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 28 қарашада 8–8–12 тіркелген, "Шахтинский вестник" газетінде 2005 жылғы 23 желтоқсанда N 51 (798) санында жарияланған) шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Е. Буслаев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                А. Сатова

Шахтинск қалалық мәслихатының
2008 жылғы 15 қазандағы
N 426/7 шешімімен
бекітілген

Жинау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық жабдықтау, тазалықты қамтамасыз ету және Шахтинск қаласының аумағында және маңындағы кенттерде абаттандыру Қағидалары

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы жинау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық жабдықтау, тазалықты қамтамасыз ету және Шахтинск қаласының аумағында және маңындағы кенттерде абаттандыру Қағидалары 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы", 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Қағидалар абаттандыру, санитарлық тазарту, аумақта тазалықты сақтау, Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне немесе азаматтығына қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге орындауға міндетті болып табылады.
      Жинау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық жабдықтау, тазалықты қамтамасыз ету және Шахтинск қаласында және маңындағы кенттер аумағында абаттандыру бойынша жұмыстарды реттеу және ұйымдастыру жұмыстарын қала әкімдігінің, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелердің басшылары, қаланың көркейту мен санитарлық тазалық кәсіпорындарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер

      2. Қаланы сыртқы абаттандыру - қала аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені
      3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемдік қоқыстарды шығару шарты - тапсырысшы мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйыммен, қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемдік қоқыстарды шығару жөнінде заңдық күші бар жазбаша келісім.
      4. Бекітілген аумақ - осы Қағидалармен, Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген учаске (қосымшаға сәйкес).
      Қала шегінде бекітілген объектілер болып табылатындар:
      қала көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген, қала көшелері жағындағы - жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін немесе өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ - жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін;
      ораміші аумақтарының учаскелері;
      аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер;
      уәкілетті органдардың рұқсатымен, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға, уақытша пайдаланылатын аумақ;
      іргелес жатқан аумақ;
      жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары.
      Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
      пәтер иелерінің кооперативтері (одан әрі - ПИК);
      ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
      жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
      Аумақты бекітіп беру қала сәулетшілерінің ұсынымымен және Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің қала әкімдерінің заңды және жеке тұлғалардың келісімімен жүргізіледі. Келісілген сәттен бастап бекітілген аумақтың санитарлық тазалығы жөніндегі міндеттер субъектіге жүктеледі.
      5. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      6. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері) қала шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      7. Көшелердің санаттары - жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.
      8. Контейнер - стандартты қатты тұрмыстық қалдықты жинауға арналған сыйымдылық.
      9. Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз).
      10. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар;
      іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері.
      11. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары.
      12. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдық, ірі көлемді қалдық, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
      13. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
      14. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      15. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
      16. Іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
      17. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
      18. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды жинау және шығару – қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
      19. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
      20. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      21. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) – шаруашылық – тұрмыстық, оның ішінде тамақ қалдықтарын сыпыру, дала қоқыстары, қоғамдық тамақтану, сауда кәсіпорыны, қоғамдық мекемелермен және ұрғын үйлерден.
      22. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүлкестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
      23. Уәкілетті орган – Шахтинск қаласының әкімдігімен анықталатын жинау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық жабдықтау, тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру өкілетті орган.

3. Қала аумағын тазарту тәртібі

      24. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтардың тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады:
      көше-жол желілері, алаңдарға қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, тынымбақтар) бойынша - коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
      ораміші аумақтары мен басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы қала сәулетшісімен анықталады және қала әкім актісімен бекітіледі.
      25. Тазарту жұмыстары осы Қағидалардың талаптарына, заңнамалармен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
      26. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мынадай жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.

4. Көшенің өту жолдарын тазарту

      27. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      28. Соңғы автобус пен троллейбус бағыттарының тұратын-айналу жолдарын тазартумен, (кесте бойынша) іргелес жатқан жолдарды тазалаумен айналысатын кәсіпорындар жүргізеді.
      29. Магистральдардың, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, уәкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      30. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      31. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға рұқсат етілмейді.

5. Жаяужолдарды тазарту жұмыстары

      32. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан жаяужолдарды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен жүргізіледі.
      33. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы құрылғылардың қожасы болып табылатын ұйымдармен жүргізіледі.
      34. Көшенің жол жағынан гүлкестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізу Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің қала әкім актісімен бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес орындалады.
      35. Көшелер мен өту жолдарының бойына орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.
      36. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

6. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      37. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      38. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі.

7. Басқа қала аумақтарын тазарту

      39. Іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінен оларға кіретін жолдарды заңды және жеке тұлғалар меншігі мен пайдаланылуында ғимараттары бар, бөлініп берілген учаскелерде орнатылған аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша арнайыландырылған кәсіпорынмен орындалады.
      40. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы 5 метрдей жерді тазарту жұмыстарын, меншік иелері және меншік иелерімен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші арнайыландырылған ұйымдар орындайды.
      41. Сыртқы жарықтың бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желілерінің маңайын тазарту жұмыстарын жаяусоқпақтарды тазартуға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      42. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін, басқа инженерлік орын-жайларға, сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын тазарту жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
      43. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер) көшедегі жүру жолдарын қоса, сауда объектілерінің иелері тазартады. Іргелес жатқан гүлкестелерге, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге жәшіктерді үюге жол берілмейді.
      44. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелері мен осы объектілерді пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
      45. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
      46. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырысшы, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
      47. Жапырақ түскен уақытта, бекітіліп берілген аумақтарды тазартуға жауапты ұйымдар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпырып-сиыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың бағаны жағына жапырақтарды жинауға жол берілмейді.
      48. Заңды және жеке тұлғаларға және іргелес жатқан ғимараттарға, орын-жайларға және басқа объектілерге бекітіліп берілмеген, пайдаланылмайтын және бөлініп берілмеген аумақтардың тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаражаттар шегінде орындалады.
      49. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және тағы басқалар) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
      50. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі асфальттың жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: қаланың бас магистралдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарылады.
      51. Суаққы желісін қоқыс басуын болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

8. Қысқы кездегі қала көшелерін тазартудың ерекшеліктері

      52. Қала көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Қағида талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын заңнамалармен бекітілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
      53. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
      54. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      55. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады.
      56. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
      бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
      көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
      жаяужолдарда.
      57. Жаяужолдар мен гүлкестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      58. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
      бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер:
      қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяужүргіншелер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтың жаппай баратын орындарынан (ірі әмбебаптардан, базарлардан, мейрамханалардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
      соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін кезекке сәйкес орындалады.
      59. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған алаңшаларға жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      60. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.
      61. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздақтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
      3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
      62. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
      63. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
      64. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
      65. Қысқы кезде ғимарат иелерімен және жалдаушыларымен уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
      66. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы, жүргізілуі керек.
      67. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздіген қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүлгілер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін орналастырылады.
      68. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.

9. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      69. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағының барлық жерінде, соның ішінде жеке меншік үй иелерінің аумақтарында тазалық пен тәртіпті сақтауы қажет, абаттандыру элементтерін зақымдауға және бұзуға жол бермеу (жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, кіші сәулеттік нысандарды, жарықты, суқашыртқыларды).
      70. Күрделі және уақытша объектілердің иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды санитарлық тазарту және жинау жұмыстары бойынша шарттар жасасуы керек немесе оны күнделікті өз беттерімен жүргізулері қажет.
      71. Қала аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды қала аумағына шығаруға жол берілмейді.
      72. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға рұқсат етілмейді.
      73. Кәсіпорындар мен инженерлік жүйелердің аумағынан жер үсті суларын шаруашылық және өндірістік нөсерлі кәрізге ағызуға тек пайдаланушы ұйымның шарты болған жағдайда рұқсат берілген.
      74. Тоғандарға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын ағызуға жол берілмейді.
      75. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге рұқсат етілмейді.
      76. Автокөлік кәсіпорындары мен автоспорт құралдарының иелері жолға көлік құралдарын таза күйінде шығаруға міндетті.
      77. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді.
      78. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүлкестелерге, гүлзарларға, балалар алаңшаларына, ғимараттардың аркаларына орналастыруға рұқсат етілмейді.

10. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату

      79. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғаларға, қалдықтарды зарарсыздандыру және іске асыруға шарттық қатынастары бар, қоқыс шығарушы ұйымдармен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөнінде шарт жасауы керек. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен жүргізіледі.
      80. Жылжымайтын объектілерді салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғаларға қоқыстарды іске жарату жөнінде, оны өздігінен шығару немесе қоқыс шығарушы ұйыммен шығару жөніндегі шарттарын жасау қажет.
      81. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      82. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
      83. Аумақтағы (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер мына талаптарды:
      1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуға;
      5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайыландырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі керек.
      84. Контейнерлік алаңшалар мен контейнерлер иелеріне:
      контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға жарамсыздарды ауыстыруға;
      қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың (контейнерлердің) астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және масаларға қарсы бұқырлануын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
      85. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтың дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метрдей қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі қажетті 5 контейнерлерден кем емес орнатуға есептелген.
      86. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері.
      87. Аулалық, кәріздендірілмеген және қоғамдық әжетханалар тұрғын-жайлардан және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңшалардан кем дегенде 25 метр және жүз метрден артық емес қашықтыққа алыстатылуы қажет.
      88. Қоқыс шығару құбырына сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.
      89. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне рұқсат етілмейді.
      90. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
      91. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етуге міндетті:
      1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
      2) шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырының салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
      3) ай сайын қоқыс қабылдағыш камералар мен оқпандарға алдын алу зарарсыздандыру іс шараларын (зарарсыздандыру, бұқырлау және зиянды кеміргіштерді жою) жүргізуге.
      92. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің қоқыстарын көму мен қайта пайдалану жөніндегі қалалық полигонда іске асырылады.
      93. Қатты тұрмыстық қалдық полигонын орналастыру және күтіп ұстау жұмыстары елді мекендер аумақтарын күтіп ұстаудың Санитарлық қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      94. Қатты тұрмыстық қалдық полигонын күтіп ұстауға жауапкершілік осы Қағидалардың талаптарына сәйкес, экологиялық рұқсаты бар пайдаланушыларға, арнайыландырылған ұйымдарға жүктеледі.
      95. Жөн-жосықсыз үйінділерге, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен бекітілген мерзімде аумақ иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      96. Сапаржайларда, базарларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір бірінен 50 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады.
      97. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен мердігермен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары осы кәсіпорындармен олардың толуына қарай орындалады.
      98. Қораптарды жуу жұмыстары кірленуіне қарай, аптасына бір рет орындалады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ал сауда объектілерінде орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, зарарсыздандырады.

11. Ұсақ бөлшек сауда, ұсақ базарлар үшін уақытша құрылыс, сондай-ақ орын-жайларды орнату және күтіп ұстау.

      99. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің объектілерін (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      100. Сәулеттік және түстері туралы шешім Сәулет және қала құрылысы департаментімен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелері есебінен, Сәулет және қала құрылысы департаментімен келісілген сыртқы түрі мен түсішешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
      101. Ұсақ бөлшектік сауда объектілері мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, іргелес жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды Шахтинск қаласы ІІБ Жол полициясы бөлімі бекіткен кіреберіс алаңдарынан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда жаяужолдарды, жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
      102. Сауда нүктелерінің иелері іргелес жатқан аумақтың (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауға міндетті. Іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, гүлзарларға және тағы басқаларына зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, абаттандыру объектілерін өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
      103. Шағын базарлар мен басқа да сауда жасауға арналған уақытша алаңшалар аумақтары қоршалуы керек, нөсерлік және еріген сулардың ағуын қамтамасыз ететін қатты төсемі болуы керек, дүңгіршектермен, қалқалармен, сөрелермен, контейнерлік алаңшалармен, қоқыс салғыш қораптармен, тұрақты қоғамдық немесе жылжымалы әжетханалармен, кешкі жарықпен жабдықталуы қажет. Базар аумақтарына жақын жерлерде Шахтинск қаласы ІІБ Жол полициясы бөлімі келісімімен автокөлік үшін автотұрақтар орналасуы керек.
      104. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін, осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
      105. Дүңгіршектердің, павильондардың және басқа да сауда объектілердің арасындағы өртке қарсы үзілген жерлерді сауда материалдарымен, жабдықтармен, жәшіктермен және қалдықтармен бекітіп қоюға, дүңгіршектердің төбесіне жәшіктерді үюге рұқсат етілмейді.
      106. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағы - саябақтарды, гүлзарларды, жағажайларды ұстауды Шахтинск қаласы әкімдігінің қаулысымен аталған объектілер бекітіліп берілген қалалық мекемелер (бұдан әрі - әкімгерлер) жүзеге асырады.
      107. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағын тазалау және ағымдағы күтімі бойынша жұмыстарды әкімгерлермен келісімшарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді немесе осы жұмыстың түріне лицензиясы болған кезде әкімгердің өздері жүргізеді.
      108. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағындағы аумақтың жобасын өзгерту, шағын сәулет үлгілерін және құрылысын, сәулет және абаттандыру бөлшектерінің түсін өзгертуге Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің Сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіледі.
      109. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қоқыс жинайтын урналар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылады. Аумақтың кіре-берісінде екеуден кем емес урна орнатылуы тиіс.
      110. Саябақтар мен жағажайларда урналардан басқа контейнер орнатуға арналған арнайы алаң жабдықталуы тиіс.
      111. Контейнерді орналастыруға арналған алаңдар демалыс орындарынан 50 метрден кем емес қашықта болу керек.
      112. Саябақтар мен жағажайлардың аумағында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес келетін қоғамдық дәретханалар орналастырылуы керек.
      113. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда кәсіпорындарын орналастыруға рұқсат етіледі. Осы объектілердің иелері бөлінген және іргелес аумақтарын жинау және санитарлық тазалауға мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт жасайды немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өздері жинаулары қажет. Осы объектілерді сырлау және жөндеу жұмыстары иелерінің есебінен жүргізіледі.
      114. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында:
      қоқысты, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерін тазалауға және жууға;
      көгалда, гүлзарларда, жүргіншілер жүретін жолда объектілерді орналастыруға;
      мангалды пайдалануға, ашық отта дайындалатын кәуапты және басқа да тағамдарды дайындауға;
      сағ. 23.00-ден кейін қатты музыка қоюға рұқсат етілмейді.

12. Шағын сәулет нысандарын ұстау

      115. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен: демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
      116. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін; олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.
      117. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, тынымбақтар мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
      118. Жаңа құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырысшымен бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      119. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
      120. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелері өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

13. Ақылы автотұрақтарды және гараж кооперативтерін орнату және абаттандыру

      121. Жеке меншік иелерінің жеңіл автомашиналарының гараждарын, күзетілетін ашық автотұрақтардың, автокөліктің уақытша тұрақтарын (ақылы және ақысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормаларымен және ережелерімен, белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген жобалау құжаттарына сәйкес орындалады.
      122. Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, сауда мен қоғамдық тамақтану объектілері, демалу орындары мен бұқаралық орындар келушілер үшін ақысыз аялдатулармен жабдықталуы қажет.
      123. Жеке меншік иелерінің гараждары, гараж кооперативтеріне бірігеді (серіктестік). Гараж кооперативтерінің аумағын абаттандыру және оларды күтіп ұстау кооперативтердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      124. Жеңіл автокөліктерінің ашық ақылы тұрақтарын тұрғын-жай мен қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық аралықты сақтап орнату қажет. Автотұрақтардың қатты төсемі, қоршауы, күзетуге арналған жайы мен сыртқы жарығы болуы қажет. Автомобильдерді қоятын орындардың үстіне жеңіл құрылымдардан қалқандар салуға жол беріледі.
      125. Иелері өздеріне бекітіліп берілген және автотұрақтарға, гараждарға іргелес жатқан аумақтарда санитарлық тазалық пен өртке қарсы шараларды қалыпты сақтап тұруы қажет.

14. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

      126. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (объектіні жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, құрылыстың бас жобасына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды жүргізеді;
      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.
      127. Құрылыс салушы, объектінің иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру үшін Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімінде дайындық жұмыстарын жүргізуге рұқсатын алады.
      Объектілерді бұзуға рұқсат алу үшін Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылыс бөліміне берілген учаскенің бөліп берілгендігі туралы шешімін, бұзу немесе бұзу жобасы бойынша техникалық шешімін, құрылыс қоқысын, қалдықтарын, шығару мен кәдеге жарату жөніндегі шешімдерін (келісім-шарттар), бұзуға жататын объектілерден инженерлік желілерді сөндіріп тастау жөніндегі растауын, тиісті мемлекеттік органдармен (Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылыс, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, әкім аппараты, Шахтинск қаласы ішкі істер бөлімінің келісімі бойынша) келісімін ұсынуы тиіс.
      Құрылыс алаңы (бұзуға жататын учаскеде) келесі міндетті талаптардың орындалуымен, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес абаттандырылуы тиіс:
      1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;
      адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз ету тиіс;
      2) қоршауды металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;
      3) қоршаудың құрылымдары көлденең және тіке бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай: кірден тазартылып, жуылып, ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы тиіс;
      4) қоршаудың биіктігі жер бедерінен үш метрден кем болмауы тиіс, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;
      жеке шыға беріске немесе салынып жатқан құрылысқа шағын қосымша құрылыс салу кезінде, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;
      5) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан болмашы көшелеріне шығатын минималды жолдардың саны көзделеді;
      6) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;
      7) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуге тиіс;
      8) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары бас құрылыс жоспарына сәйкес абаттандырылған және төсем болуы керек және асфальтталған қаланың өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі тиіс;
      9) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады;
      10) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, абаттандырылуды және іргелес жатқан құрылысқа теріс ықпал етуді болдырмау, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;
      құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында контейнерлер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет; құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақта ұқыпты түрде күтіліп, мезгілді жинастырылуы тиіс;
      11) құрылыс алаңынан тыс құрылыс материалдарды, қоқымды (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, перделер, жоңқалар, буып-түйетін материалдар және тағыда басқалары) шығаруды болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс;
      12) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолдануынсыз объектілер қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынады;
      13) ғимараттардың қасбеттерінде жұмыс істеу барысында, арнайы осындай мақсатпен көзделген және сапасы бойынша сәндік, беріктік және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау болуы тиіс;
      14) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттары үшін жасалған ғимараттың қасбеттер бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;
      торлар тұрақты тұру үшін созылып, үстіңгі қабат бойынша бекітіледі;
      торлар қисайып, созылып кетпеуі тиіс;
      15) қажеттіліктер туындаған кезде, жаяужолды, жаяу жүретін галереяларды, төсемдерді, таяныштарды, айналма және уақытша жолдарды абаттандыру мен олардың ұқыпты түрде ұсталуы қамтамасыз етіледі;
      16) бұзуға жататын учаскелерде құрылыстарды бұзу, алаңды дайындау шараларын іске асырған соң ғана бастауға болады;
      17) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.
      128. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана болады:
      шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылғанның қалдықтары мен қоқыс, қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылуы тиіс, Шахтинск қаласы уәкілетті органының келісімі бойынша топырақ басқа учаскелерге шығарылуы мүмкін;
      қоршалған аумақтан тыс материалдарды, қоқыстарды қоймалауға, көліктің тиелуіне және тұрақтануына, механизмдер мен құрылыс техникаларын орнатуына рұқсат етілмейді.
      129. Мұзды, қарды, құрылыс қоқыстарды уақытында ұйымдастырып шығару үшін құрылыс салушы немесе мердігер құрылыс алаңын жайластыруға рұқсаттама алған кезде, осы жұмыстар түріне лицензиясы бар арнайы кәсіпорындармен келісімшартқа отырады.
      130. Құрылыс салушымен құрылыстық және тұрмыстық қоқысты уақытылы шығарылуы қамтамасыз етіледі.
      131. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған абаттандыруын қалпына келтіру, сондай-ақ уақытша жүруге, жолаушылардың өту жолы, уақытша ғимараттар мен материалдарды қоймалау үшін, инженерлік желілерді төсеу және тағыда басқа пайдаланған аймақтарды құрылыс салушы қалпына келтіруі тиіс.

15. Қала аумағындағы жол төсемдерін, жаяужолдарды, гүлзарларды және басқа да объектілердің қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізудің тәртібі

      132. Жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар сәулет және қала құрылыс бөлімінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат алады. Жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін тәртіптер талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілуі тиіс.
      133. Шаруашылығында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, қаланың көркін бұзуға әкеліп соғатын инженерлік желілер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет, атап айтқанда:
      аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, берілген және қорғалатын аймақтардың санитарлық тазалығын бақылау, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындылары, нөсерлік кәріздердің торлары қатты төсеммен бір деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуы, құрастыру Ережелерін сақтамаған жағдайда бұзылып қалуы мүмкін жер асты желілерінің бетіндегі қатты немесе жер топырағының қалпын, қайта жабылуы мен қолданылуын бақылауға, жерүсті инженерлік коммуникацияларына, құрастырмалар мен құрылғыларға уақытында жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын жүргізуге.
      134. Жер бетінің қатты қабатына күрделі жөндеу немесе жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде инженерлік желілердің құдығының люктерін керекті өлшемдерге жеткізу жұмыстары жөндеу жұмыстарының тапсырысшысы есебінен орындалады.
      135. Қала аумақтарынан жер үсті және жер асты суларын әкетуге арналған арықтарды, құбырлар мен сорғытқыларды жинау мен тазарту, нөсерлік кәріздердің коллекторларын, жауынқабылдағыштар құдықтарын тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсіпорындармен; аула аумақтарында - пәтер иелері кооперативтерімен; жеке меншік учаскелерде және кәсіпорын аумақтарында - аумақтық иелерімен жасалады.

16. Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды абаттандыру

      136. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
      137. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, Сәулет және қала құрылысы, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімімен келісілуі керек.
      138. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіпті сақталуға міндетті:
      көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      139. Аулаішілік аумақта:
      1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      2) аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      3) көлік құралдарын қоюға және аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға рұқсат етілмейді.

17. Апатты жұмыстарды жүргізу

      140. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
      141. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға міндетті. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуі тиіс: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті орын-жайларының, инфрақұрылым объектілерінің, жасыл отырғызғылардың сақталуы.
      142. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, жол полициясы бөліміне, Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылыс бөліміне хабарлайды.
      143. Жеке және заңды тұлғалар аймағында жерасты және жерүсті коммуникациялары барлар, ақпаратты алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
      144. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушы қожайындар, апат жұмыстарының басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуға міндетті.
      145. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, жол полициясы бөлімі жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
      146. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына жол полициясы бөлімінің келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
      147. Апаттың салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай орнатылған нысанға жер жұмыстарын жүргізуге Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімінен рұқсат алуы қажет. Көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.
      148. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.
      149. Апатты, жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.

18. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін күтіп ұстау

      150. Ғимараттары мен орын-жайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың қожалары аталған объектілердің және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарының таза және қалыпты жағдайда ұстауы керек.
      151. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға рұқсат етілмейді.
      152. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары, және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын объектілерді қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.
      153. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында жеке тұрғынсыз жайлар тұрмайтын немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражатты, сәйкесетін аудандармен қаражаттарын қосуларына болады.
      154. Ғимараттардың, орын-жайлардың және құрылғылардың меншік иелері жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
      155. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Шахтинск қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган келісімімен орындалады.
      156. Уәкілетті орган ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жыл сайын қабылданатын бюджеттік бағдарлама негізінде атқарады. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарының бағдарламасы Шахтинск қаласының әкімдігімен бекітіледі.
      157. Ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары Сәулет және қала құрылысы бөлімімен берілетін колерлік төлқұжаттармен жүргізілуі мүмкін.
      158. Рұқсат етілмейді:
      алдын ала сәулеттік бөліктердің қалпына келтірілмейінше ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
      табиғи немесе жасанды тастармен қапталған, түсті әсемдік терразиттік және тас түрлі балшықпен сыланған қасбеттерді сырлауға.

19. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау

      159. Уәкілетті орган бөлімі бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі күңгірт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.
      160. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы ақау шамдар 5 пайыздан аспау керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері тазалықта ұсталуы қажет, тот баспауы керек және қажет болу жағдайына қарай екі жылда бір рет пайдаланушы ұйыммен сырлануы тиіс.
      161. Пайдаланудан шыққан газды, күкіртті люминисцетті шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы жайларда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға тыйым салынады.
      162. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысы негізгі магистральдарда кешіктірілмей баған иесімен жүргізіледі; сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар - тәулік ішінде.
      163. Бұрқақтардың жағдайы мен пайдаланылуына жауапкершілік пайдаланушы ұйымға жүктеледі.
      164. Бұрқақтарды қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, табақтарын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылуы белгіленеді.
      165. Бұрқақтардың жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндірген кезде де тазалығын сақтауға міндетті.

20. Шахтинск қаласы аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері

      166. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағидалардың сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және сәулет-құрылысын бақылау, ішкі істермен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
      167. Функционалдық міндеттерге сәйкес қаланың жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.

21. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      168. Осы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке шақырылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

"Жинау жұмыстарын ұйымдастыру,
санитарлық жабдықтау, тазалықты
қамтамасыз ету және Шахтинск
қаласының аумағында және маңындағы
кенттерде абаттандыру Қағидаларына"
қосымша

объектіні санитарлық тазалау жөнінде бекітілген аумақтың
АКТІСІ

"___"________200__жыл

      Субъект атауы
      (заңды тұлға)__________________________________________________
      Аты-жөні
      (жеке тұлға немесе басшы)______________________________________
      Заңды мекен-жай________________________________________________

бекітілген аумақтың
(ЖОСПАРЫ) СЫЗБАНҰСҚАСЫ


      Санитарлық тазалау, бектілген аумақты абаттандыруды қамтамасыз ету сондай-ақ оны тиісті ұстауды "Жинау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық жабдықтау, тазалықты қамтамасыз ету және Шахтинск қаласының аумағында және маңындағы кенттерде абаттандыру Қағидалары" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Таныстым:________________/_______________"__"___________200__ж.
                  (қолы)          (Аты-жөні)
      МО
      _________________________________________"__"___________200__ж.
         (осы актіні берген лауазымды тұлға)
      МО

Шахтинск қалалық мәслихатының
2008 жылғы 15 қазандағы
N 426/7 шешімімен
бекітілген

Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің жасыл желектерін күтiп ұстау мен қорғау Ережесi

      1. Осы "Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің жасыл желектерін күтiп ұстау мен қорғау Ережесі" (әрі қарай - Ереже), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі" Кодексіне сәйкес әзірленген, басқа да нормативтік құқықтық актілері осы Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау тәртібін анықтайды.
      2. Шахтинск қаласының аумағында және маңындағы кенттердің жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіруді қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары, қаланы көгалдандырумен айналысатын уәкілетті басқару органдары, мекеме, кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырады.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген қала аудандарының шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;
      2) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен төлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
      3) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдік;
      4) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га кем емес аумақтағы 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
      5) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяужолдар, өтетін жерлер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бульварлар және өзге де объектілер, тұрғындар мұқтажын қанағаттандыру үшін арналған және алынған жерлер;
      6) жасыл желектерді қырқу - жасыл желектерге белгілі бір әсемдік беру үшін бұталарды кесу;
      7) көгалдандырылған аумақ - жасыл желектер орналастырылған жер учаскесі;
      8) жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік және экономикалық шараларды қолдану;
      9) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің, тамырына, діңіне, бұтақтарына, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық зақымдануы, тамыр қырыс тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрі зақымдау болып табылады;
      10) Шахтинск қаласы және маңындағы кенттер жасыл желектерінің тізбесі - Шахтинск қаласының аумағындағы және маңындағы кенттердің жасыл желектердің түрі, түрлік құрамы, саны туралы мәліметтер жиыны;
      11) санитарлық кесу - шіріген, зақымдалған, қураған, құрғақ бұтақтарды кесу;
      12) жасыл желектердің мәні - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақ пен жасыл алқаптарды сақтауға және жасауға бағытталған жұмыстардың агротехникалық, шаруашылық шараларының жүйесі;
      13) мамандандырылған ұйым - жасыл желектерді жасап, оған күтім көрсететін өзінің штатында осы саланың маманы, жұмысшылары бар, арнайы техникалармен жабдықталған (автокөтергіш, су таситын, тракторлар немесе автокөліктер негізіндегі бұрғылау қондырғы, жүк тиейтін техникалар, жүк автокөліктері) кәсіпорын;
      14) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
      15) жасыл желектерді жою - өсуін тоқтатқан жасыл өсімдіктерді бұзу;
      16) уәкілетті орган - жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін қала әкімдігінің қаулысымен бекітілетін орган.

2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың негізгі принциптері

      4. Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің арлық жасыл желектері, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық жасыл қорды құрайды.
      5. Жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шаралар кешенін азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан жүзеге асырады.
      6. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", Заңына және осы Ережелерде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс.
      7. Белгіленген тәртіппен келісілген қаланы дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, қала аумағының шегінде орналасқан жасыл алқаптар (оның ішінде саябақтар, тынымбақтар, тоғайлар, аллеялар), құрылыс жүргізуге жатпайды.
      8. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі көгалдандырылған аумақтарды дамыту уәкілетті органдардың келісімімен сәулет және қала құрылысы органдары қорытындысының негізінде қаланы көгалдандырудың ұзақ мерзімді кешенді сызбасына сәйкес жүргізіледі.

3. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау бойынша уәкілетті органның құзыреті

      9. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау бойынша уәкілетті органның құзырына енеді:
      1) Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге, түрлі үлгілерде қысқартуға, қайта отырғызуға, бұзуға немесе бұзбауға рұқсат ету және рәсімдеу (23 қосымша);
      2) жасыл желектерді күту, ұстауды қамтамасыз ету, қалпына келтіру бойынша шаралардың орындалуын бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы белгіленген заңнамалары шегіндегі өкілеттілікпен мемлекеттік бақылау функциясын жүзеге асырады.

4. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

      10. Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде жасыл желектерді есепке алу Тізілімге енгізіліп есепке алынатын объект шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу арқылы жүргізіледі (4 қосымша).
      11. Тізілімге жасыл желектердің барлық түрлері алынады: ағаштар, талдар, гүлзарлар. Жасыл желектерге түгендеу жүргізу тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдармен, санитарлық жағдайды және санаттары деңгейін (желектердің тұрақтылық сатысы) ескере отырып жүргізіледі.
      12. Жасыл желектердің есебін бейнелейтін құжат - жасыл желектердің тізімдемесі және Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің дендрожоспары болып табылады, ол 10 жыл ішінде 1 рет жаңартылады.
      13. Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің жасыл желектерінің тізілімі мына мақсаттарда жүргізіледі:
      1) Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;
      2) қаланың аумағындағы жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
      3) тұрғындарды, билік пен басқару органдарын қаладағы жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
      14. Жасыл желектер тізілімін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары табиғат қорғау қаражаты есебінен жүргізіледі.
      15. Көгалдандырылған аумақтарды жалға алған және меншік иелеріне, жеке және заңды тұлғаларға ұсынады:
      1) өз учаскелерінде және маңындағы аумақта жататын жасыл желектерді қорғап және күтіп ұстауды қамтамасыз етуге;
      2)белгіленген үлгі бойынша жасыл желектерді түгендеу материалдарында өзгерістер туралы (бұзу, қайта ретке келтіру, қайта отырғызу, отырғызу) ақпараттарды, жасыл желектердің жетекші тізілімін, жасыл желектер бойынша уәкілетті органға жыл сайын жіберіп отыру;
      3) Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің жасыл желектерін қорғау бойынша уәкілетті органның нұсқаулық-әдістемелік нұсқауларына сәйкес гүлзарларды шабу зиянкестер мен аурулар, арамшөптермен күрес, соның ішінде гүлзарлармен ағаш және шіліктерді суару, бүкіл кешенді агротехникалық шараларды әрдайым жүргізіп тұру;
      4) өз есебінен санитарлық-гигиеналық, экологиялық, кала құрылысы нормаларына сәйкес әзірленген, дендрологиялық жоба бойынша бекітілген аумақтық жасыл желектердің ағымдағы жөндеуі мен көгалдандыруын жүргізу;
      5) жасыл желектерді бұзу (қайта отырғызу) осы Ережеде белгіленген тәртіпте ресімделсін;
      6) ағаштарды жасартуға әсері бар, ағаш-шілікті өсімдіктерді кесу жүргізілсін;
      7) бақылау аумағында (радиусы 1 метр) ток сымдары өтетін және көше көрсеткіштерін жауып тұратын, үй нөмірлерін көрсетпейтін бұтақтарды кесу өз уақытында жүргізілсін. Бұталарды кесу кесте бойынша жүргізіледі, электр желілерінің иелері келісімімен және олардың бақылауы бойынша техника қауіпсіздігінің ережесін сақтай отырып атқарылсын;
      8) сынған ағаштармен шіліктерді алып тастау, аумақтың санитарлық тазалауы өткізіліп отырсын;
      9) саябақтарға, бақтарға, тынымбақтарға, алаңдарға барғандар, жасыл желектерді қорғау бойынша талаптарды сақтаулары міндетті;
      16. Жалпы пайдаланылатын жерлерде жүргізілетін жасыл желектерді күту мен қорғау жұмыстарын арнайы ұйымдар тендерлік негізде жүргізеді.
      Мамандандырылған ұйымдар ағаш-шілікті өсімдіктерді жою, отырғызу, қайта отырғызу, санитарлық, түрлі үлгілерде кесу жұмыстарын тек қана уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен экологиялық қала құрылысы нормаларын сақтай отырып жүргізіледі.
      17. Уәкілетті органның рұқсатына сәйкес жүргізілген өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында үш есе көлемде биіктігі кемінде 1,5 метр жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін кемінде 2 метр көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі. Отырғызуа бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган жасыл желектің қалпына келтіру құнына есеп жүргізеді; оның бір есе көлеміндегі төлемін жеке және заңды тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді.
      18. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіру сол аумағында он есе көлемде биіктігі кемінде 2 метр жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін кемінде 1,5 метр көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі немесе жасыл желектің қалпына келтіру құны анықталады, оның он есе көлемінде төлемін жеке және заңды тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді. Жергілікті бюджетке аударылатын жасыл желектің қалпына келтіру құнының мөлшері қала әкімдігімен бекітіледі.
      19. Жасыл желектерді қалпына келтіру мүдделеріне орай кесу жүргізілген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
      20. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді жеке және заңды тұлғалар өз бетінше немесе шарт бойынша арнайы ұйымдар оларды одан әрі күтудің міндетті шарттарын сақтай отырып жүргізе алады.
      21. Кінәлі адамды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектің табиғи өлуі, жойылуы, заңсыз кесілу дерегі бойынша жасыл желекті қалпына келтіру қала бюджеті есебінен жүргізіледі.
      22. Отырғызылған жасыл желек солған жағдайда мүддесіне орай кесу жүргізілген тұлғалар жасыл желекті қайта отырғызады және оның одан әрі күтілуін қамтамасыз етеді.

5. Жасыл желектерді кесу және қайта отырғызу

      23. Жасыл желекті кесу, қайта отырғызу (қысқы тыныштық күйінде) осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделеді, жер пайдалану немесе учаскені жалдау құқығын анықтайтын құжаттарды көрсету бойынша уәкілетті органның ресми рұқсатымен ғана жүргізіледі.
      24. Ереженің күші азаматтардың жеке үй құрылысы үшін пайдаланатын аумақ пен саяжай учаскелеріне қолданылмайды. Жасыл желектерді кесу мен қайта отырғызу рұқсатты ресімдеусіз жалпы табиғат пайдалану тәртібімен олардың өз ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.
      25. Жалпы пайдаланатын жерлерде ағаштар мен бұталарды кесуді уәкілетті органның рұқсатты ресімдеуімен тендерлік негізде арнайы ұйымдар жүргізеді.
      26. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қала құрылысы жұмысы жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      27. Төтенше және апатты жағдайларда ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен құрылыстың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін жайттарда аталған жасыл желектерді кесу шұғыл ретте жүргізіліп, артынша уәкілетті органға хабарланады. Кесу дерегі куәландыру актісімен айғақталады, уәкілетті орган жұмыс басталған сәттен бастап жасайды (1 қосымша).
      28. Кесілген жасыл желек пен кесілген қалдықтарды жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      29. Жасыл желектерді отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі күтілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      30. Ұсақ жапырақты қарағаш пен ірі жапырақты үйеңкінің орнын басатын ағаштарды егуге тыйым салынады, соның ішінде егер көрсетілген ағаш тұқымдас екпе ағаштар кесуге жататын болса, олардың орнына арзан бальзамикалық терек пен шаған отырғызу ұсынылсын.
      31. Ұсақ жапырақты (қарағашты) қарағаштардың "өздігімен" шығуын болдырмау мақсатында тек "тірі" қоршау немесе үнемі сәндік түр беру үшін егуге рұқсат етіледі.
      32. Жасыл желекті кесуге, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуы тиіс:
      Заңды тұлғалар үшін:
      1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
      2) жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі жеке тұрғын үй құрылысын және объектілерді (қайта құру) салу үшін жер учаскесін бөлген кезде;
      3) жер учаскесінің құқықты белгілейтін құжаттар көшірмесі;
      4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын объектілер үшін);
      5) қайта салынған объектілер үшін Шахтинск қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулеттік-жоспарламалық техникалық тапсырмасы жөніндегі қорытындысы.
      Жеке тұлғалар үшін:
      1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
      2) жер учаскесінің құқықты белгілейтін құжаттар көшірмесі;
      33. Осы Ережемен көгалдандырылған аумақтарда тыйым салынады:
      1) жасыл желектерді зақымдауға немесе жоюға;
      2) от жағуға, түскен жапырақтармен кепкен шөптерді өртеуге;
      3) тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарымен, лас сулармен ластауға;
      4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
      5) автокөлік құралдарының, құрылыс және өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
      6) автокөлік құралдарын жууға;
      7) гүлзарларға автокөлік құралдарын қоюға;
      8) мал жаюға;
      9) әр түрлі жүктерді, соның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
      10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;
      11) жасыл желектерге зиян келтіретін басқа да әсер-әрекеттерді болдырмау.

6. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік

      34 Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ережені бұзғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

"Шахтинск қаласының және
маңындағы кенттердің
жасыл желектерін күтіп
ұстау мен қорғау
Ережесі" N 1 қосымша

Жасыл желектерді зерттеу
АКТІСІ

      "___" "__________" 200__ж.

      Көше____________________ _______________________Шахтинск қаласы
      Біз төменде қол қоюшы__________________________________________
                              (уәкілетті органның лауазымды адамы)
      _______________________________________________________________
                 (лауазымы, аты-жөні, органның атауы )
      _______________________________________________________________
              және тапсырыс берушінің уәкілі зерттеу жүргіздік
      _______________________________________________________________
                            жасыл желекке жататын
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________

      Нәтижиесінде белгіленді:


Жасыл желектерінің тұқымдық құрамы

Жоюға

Қайта отырғызу

Сақталады

Сапалық

саны

дм

саны

дм

саны

дм

жақсы

қанағат

нашар















































































































      Осы акт ______ данада жасалды.
      Ескерту: Зерттеу актісі жасыл желекті жоюға немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат емес.
      Тапсырыс берушінің өкілі, алдым ___________________________
      (аты- жөні)

"Шахтинск қаласының және
маңындағы кенттердің
жасыл желектерін күтіп
ұстау мен қорғау Ережесі"
N 2 қосымша

Жасыл желектерді кесуге, қайта отырғызуға
РҰҚСАТ

      1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырыс беруші).
      2. Кәсіпорын жетекшісі (аты- жөні) (тапсырыс беруші).
      3. Сұрайтын учаскенің мақсаты.
      4. Тұрған орны.
      5. Шаралар өткізуге негіздеме.
      6. Жер учаскесінің меншік түрі (нөмірі, күні).
      7. Уәкілетті органның жасыл желекті зерттеу актісі.
      8. Ағашты, шілікті желектердің нақты жағдайы (сапалық, сандық).
      9. Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің жасыл қорын өтемді қалпына келтіру бойынша (кепілдік хат) міндеттеме.

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы) зерттеу актісіне сәйкес, жасыл желектердің жағдайын ескере отырып жоғарыда көрсетілген ағаштарды жоюға келіседі, осыған орай бірінші жетекшіге мынадай талаптар орындауға алдын ала беріледі:
      Жасыл желектерді өтемді қалпына келтіру бойынша шаралар жер асты және аспандағы коммуникацияларды қорғау ережелері мен нормаларын сақтай отырып жүргізу қажет.
      Жасыл желектерді сақтау мен қорғау бойынша кешенді шаралар толық жүргізілсін.
      Қосымша: ______________
      Ескерту: ______________
      Уәкілетті орган жетекшісі __________________(аты- жөні)

"Шахтинск қаласының және
маңындағы кенттердің
жасыл желектерін күтіп
ұстау мен қорғау Ережесі"
N 3 қосымша

Жасыл желектерді санитарлық кесу, қырқу, түптерін тазалауға
РҰҚСАТ

      1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырыс беруші).
      2. Кәсіпорын басшысы (аты-жөні) (тапсырыс беруші).
      3. Сұрайтын учаскесінің мақсаты.
      4. Тұрған орны.
      5. Шаралар өткізуге негіздеме.
      6. Жер учаскесінің меншік түрі (нөмірі, күні).
      7. Өкілетті органның жасыл желекті зерттеу актісі.

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы) зерттеу актісіне сәйкес, жасыл желектердің жағдайын ескере отырып жоғарыда көрсетілген ағаштарды санитарлық кесу, крониловкалау, түптерін тазалауға келіседі, осыған орай бірінші басшыға мынадай талаптар орындауға алдын ала беріледі:
      Жасыл желектерді ұстау және баптау бойынша кешенді шаралар толық жүргізілсін.
      Ескерту: _____________
      Уәкілетті орган басшысы (аты жөні)

"Шахтинск қаласының және
маңындағы кенттердің
жасыл желектерін күтіп
ұстау мен қорғау Ережесі"
N 4 қосымша

Шахтинск қаласының жасыл желектерінің
200__ жылдың 1 қаңтарына дейінгі
ТІЗІЛІМІ

      Жасыл желектердің жер санаты, өсімдік түрлері, қызметтік мақсаттары бойынша объектілер (учаскелер) көлемінің бөлінуі Шахтинск қаласы
      Әкімшілік аудан: (код) ____________________
      Жауапты иегер: ____________________________

Жасыл желектер тізілімдемесі

      Кесте

N р/н түгендеу

Жасыл желектердің (учаскелер) объектілер атауы, мақсаты, түртоптары, жер қызметінің мақсаты

Жіктелу код

Жасыл желектердің (учаскелері) нысандарға, га/сан (ағаш, шілік)

А

Б

В

1

      кестенің жалғасы

Жасыл желектердің парктік түрі

Ағашты өсімдіктер, тек. м. га./сан.

Шілікті, талды өсімдіктер

Жекелеген ағаштар

Топтары

Бақтар, шоқ ағаштар алқабы га

Аллейлер қатары

Барлығы га/сан

Жекелеген

Тірі қоршаулар

Қатардағы отырғызылымдар

Барлығы га/сан

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      кестенің жалғасы

Ашық кеңістік

Гүлзарлар, га

Газондар, га

Біржылдық

Көп жылдық

Аралас

Контейнерлік

Барлығы

Партерлік

Кәдімгі

Жер үстінің топырағы

Барлығы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

      кестенің жалғасы

Парк түріндегі барлық өсімдіктер

Табиғи түрдегі ағаштық өсімдіктер

Табиғи және аралас ағаштар

Түрлері

Табиғи тастақтар, аралықтар


20

21

22

23

Шахтинск қалалық мәслихатының
2008 жылғы 15 қазандағы
N 426/7 шешімімен
бекітілген

Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде үй иттерін, мысықтарды ұстау Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің, 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әзірленген. Ереже Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде үй иттерін, мысықтарды ұстау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу тәртібін реттейді.
      2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға (Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Президенттің Күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрліктерінің мекемелері мен ұйымдары, сондай-ақ адамдарды құтқару, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіндегілерден басқа), сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға (бұдан әрі - Иелер) қолданылады.
      3. Осы Ереже Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің аумағында әрекет етеді.
      4. Осы Ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
      1) ит - үй жануары, сүт қоректі, қасқыр тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
      2) мысық - үй жануары, сүт қоректі, мысық тектес жануарлар, көлеміне, түсіне, және басқа да белгілеріне қарамастан;
      3) жануардың иесі - ит пен мысықтың асыраушы, күтуші адам не болмаса иесінің келісімімен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам.
      4) иесіз жануарлар - тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар.
      5) иттер мен мысықтарды серуенге шығару - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алып отырған орын-жайдан тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумақтарда серуендеуі болып табылады.
      6) Уәкілетті орган – Шахтинск қаласы әкімдігінің өкілетін белгілейтін орган.

2. Иттер мен мысықтарды тіркеуге алудың тәртібі

      5. Шахтинск қаласының және маңындағы кенттердің тұрғындарындағы, кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы қызметтік, күзеттік, аңшылық иттер және иелердің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттер, сол сияқты мысықтардың барлық түрлері үй жануарларын бірдейлендіру тәртібімен міндетті түрде ветеринарлық клиникаларда, Шахтинск қаласының ауыл шаруашылық және үй жануарларын тіркеу жүргізетін органда тізімдік есепке алынып, компьютерлік базаға енгізілуі тиіс. Әрбір тіркеуден өткен үй жануарларына бірдейлендіру реттік саны беріледі, бұл реттік сан оның бүкіл өмір сүру кезеңіне сақталады. Ит пен мысықты тіркеу барысында иелерінің есебінен ветеринарлық құжат және белгіленген үлгіге сәйкес реттік саны бар жетон беріледі.
      Тіркеу барысында иелер осы Ережемен таныстырылады. Жануарлар иелерінің Ережемен танысқандығы тіркеу кітабына қол қойылумен рәсімделеді.
      Бірдейлендіру белгісі ретінде қызмет түріне тиісті лицензиясы бар ветеринарлық дәрігер тарапынан үй жануарларының терісіне енгізетін микрочип салуға болады.
      6. Барлық иттер үш айлық жасынан, мысықтар екі айлық жасынан бастап алғашқы тіркеуден және жыл сайын қайта тіркеуден өтуі тиіс.
      7. Үй жануарын асырап алған немесе иесінің мекен-жайы өзгерген жағдайда үй жануарлары екі апта мерзімінде тіркелуі керек.
      8. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі құжаттар мен мәліметтер беруі қажет: иесінің жеке басының төл құжаты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, мекен-жайы, байланыс телефоны, ит пен мысықтың туылған күні, түрі, түсі, жынысы, лақап аты, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.
      9. Үй жануарына эвтаназия қолданылғанда немесе өліп қалған жағдайда ветеринарлық құжат пен жетон жануар бұрын тіркеу жүргізген органға немесе мекемеге тапсырылады.
      10. Тіркеуші орган жануардың шығу (сатылу, жоғалу, өлу, басқа бір адамға тапсырылу) жағдайларында тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеуі үшін хабарлануы керек.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      11. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бір адамға тапсыру, барлық көлік түрлерімен қала ішінде, қаладан тысқары жерлерде, саяжай серіктестіктері аумақтарында тасымалдау әрекеттері құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген уақыты белгіленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Иттер мен мысықтарды қаладан тысқары жерлерге тасымалдау кезінде және қалаға басқа елді мекендерден әкелген жағдайда, иелері жануардың денсаулығы және егу жұмыстарының жүргізілгендігі жөнінде, яғни жұқпалы ауруларға қарсы 12 айдан аспаған мерзімде не болмаса жолға шығардан 30 күн бұрын егілгендігі жөніндегі мәлімет толтырылған ветеринарлық куәлігінің болуы тиіс.
      12. Тұрғындарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттердің барлық түрлері үш айлық мерзімінен бастап, құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы міндетті түрде егілуі және гельминттердің болмауына тексерілуге тиіс немесе профилактикалық алдын-алу шаралары қолданылуы тиіс.
      Мысықтар туылғаннан екі айлық мерзімнен бастап адамдар мен жануарларға бірдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес микроспорияға қарсы егілуге, гельминттердің болмауына тексерілуге тиісті.
      13. Иттің иесі ретінде (иелердің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттердің түрлерінен басқа) 14 жасқа толған, ата-анасының жазбаша рұқсаты бар (итті өз атына тіркеу үшін) тұлға болуы мүмкін.
      14. Егер жануардың иесі заңды тұлға болған жағдайда, міндетті түрде жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындалуы қажет.
      15. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
      1) бір ғана от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
      2) бірнеше от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келісімімен);
      3) мекемелерде, ұйымдарда, бақ шаруашылықтары мен саяжайларда, коммерциялық емес бірлестіктерде және демалыс орындарында иттерді байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауіпсіздік келтірмейтін және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
      16. Қаладағы көп қабатты, көп пәтерлі тұрғын үйдегі бір отбасына саны екіден көп емес үлкен және орта мөлшердегі ересек иттер мен үш мысықты, үш айлық мерзімге дейінгі күшіктерді ұстауға рұқсат етіледі. Үш айдан асқан күшіктер мен мысықтар жаңа иелеріне берілуі немесе қараусыз иттер мен мысықтарды ұстаумен және аулаумен айналысатын мекемелерге тапсырылуы тиіс.
      Пәтерлерде иттер мен мысықтардың барлық түрлеріне арналған паналау орындарын ашуға тиым салынады. Ерекше жағдайларда, жергілікті атқарушы органдарға, пәтерлер иелері кооперативтеріне санитарлық-тұрмыстық талаптарды ескере отырып тиісті ұйымдар мен қызметтерді қатыстыра отырып, пәтерлерде және басқа да коммуналдық нысандарда иттер мен мысықтарды, басқа да зоологиялық түрлерді белгіленген саннан артық көлемде ұстауға рұқсат беруге, ұстауды шектеуге немесе толықтай тыйым салуға құқық беріледі.
      17. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.
      18. Қонақ үйлерде, қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен және санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтаған жағдайда иелері итімен немесе мысығымен бірге тұрақтай алады.
      19. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда жердің заңды иегерінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен ұстауға болады. Иттер жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиіс. Осы аумақта иттің барлығы жөнінде кіреберісте 20 х 30 сантиметр көлеміндегі, иттің суреті бар "Ит күзетеді! Охраняется собакой!" ескерту қойылуы шарт.
      20. Жеке тұрғын үйлер қорында санитарлық-гигиеналық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда саны екіден көп иттерді ұстауға рұқсат етіледі.
      21. Иттер мен мысықтарды зообұрыштарда, балалар және жасөспірімдерге арналған мекемелердің "тірі бұрыштарында", жазғы және қысқы сауықтыру орталықтарында (санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау органдарының рұқсатымен ұстауға болады.
      22. Тіркелмеген (есепке алынбаған) және жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға тыйым салынады.
      23. Иттер мен мысықтардың әуесқойлары қоғамдарына, иттерді асыраушы ұйымдарына Шахтинск қаласы бойынша ауыл шаруашылығы және үй жануарларын тіркеумен айналысатын органда немесе ветеринарлық клиникада тіркелмеген, қайта тіркеуден өтпеген иттер мен мысықтарды қабылдауға тыйым салынады.
      24. Иттер мен мысықтардың қатысуымен өткізілетін жарыстар, көрмелер және тағы басқа көпшілік шаралар санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық қадағалау өкілдерінің жазбаша келісімімен және сол ауданның әкімінің рұқсаты бойынша өткізіледі.
      25 Мемлекет аумағынан селекциялық (асыл тұқымды) және ұлттық құндылығы бар иттер мен мысықтарды кинологиялық, фелинологиялық орталықтардың (клубтардың) рұқсатынсыз не болмаса жолдамасынсыз шығаруға рұқсат етілмейді.
      26. Иттер мен мысықтарды олардың терісін пайдалану, етін өңдеу, сату, тұтыну үшін өсіруге не болмаса аулауға тыйым салынады.
      27. Шахтинск қаласының аумағында иттердің төбелесін ұйымдастыруға және өткізуге, жануарларға қарсы қатыгез әрекеттер жасауға мүмкіншілік беретін басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (қызметтегі, күзетке арналған иттердің жұмыс қабілеттілігін тексеру мақсатында, иттердің жарақат алмауын ескеретін, дұрыс тұқымдық сұрыптауға арналған арнайы ережелер бойынша тексерулерден басқа).

4. Иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттерді ұстау

      28. Адамдарға және басқа жануарларға қауіп туғызуға бейім, ұстауда ерекше жауапкершілікті қажет ететін асыл тұқымды иттердің есебін жүргізу мақсатында, осындай иттерді өсіруге және ұстауға кинологиялық клубтарда, бірлестіктерде және Шахтинск қаласындағы ауыл шаруашылық және үй жануарларын тіркейтін органда, ветеринарлық клиникада тіркеуге алынғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Итті тіркеу барысында иттің иесін осы Ережемен таныстырып, танысқандығы жөнінде қолын қойғызуы керек.
      29. Иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін ит тұқымдарының түрлеріне: американдық стаффордшир терьері, стаффордшир бультерьері, ротвейлер, акита-ину, аргентиналық дог, питбультерьер, бультерьер, бульмастиф, бразильялық филдер, боксер, американдық бульдог, ризеншнауцер, ағылшындық мастиф, испандық мастиф, пиринейлік мастиф, тибеттік мастиф, ирландық волкодав, лабрадор, командор, берндік малшы иті, корольдік (үлкен) пудель, бельгиялық овчарка, доберман, оңтүстік орыс овчаркасы, ортаазиялық овчарка, кавказдық овчарка, мәскеулік күзет иті және сондай-ақ осы тұқымдардың будандастырылуынан туған, шоқтығының биіктігі 50 сантиметрден жоғары иттер жатады. Иттің қай тұқымға жататындығы тегінің құжаттарына қарап ажыратылады, ал даулы жағдайда Шахтинск қаласындағы ауыл шаруашылық және үй жануарларын тіркеу органының жанындағы сараптау комиссияның көмегімен анықталады.
      30. Иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттерді Шахтинск қаласының ауыл шаруашылық және үй жануарларын тіркейтін органымен келісусіз иеленуге, қала аумағына әкелуге, ұстауға және өсіруге тыйым салынады.
      31. Иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттерді ұстау үшін болашақ иегер психоневрологиялық және нашақорлық диспансерлік есепте тұрмағандығы туралы анықтама құжатын көрсету қажет.
      32. Тіркеуден өтпеген, иесінің ерекше жауапкершілікті қажет ететін иттері бар иелер осы Ереже бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап кинологиялық клубтарда, бірлестіктерде, Шахтинск қаласының ауыл шаруашылық және үй жануарларын тіркеу органында, ветеринарлық клиникада иттерін тіркетуі керек.
      33. Балаларға және 16 жасқа толмаған жас өспірімдерге, денсаулық жағдайы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттерді серуенге шығаруға тыйым салынады.
      34. Иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттерді тұрғын-үй пайдалану органдарының жергілікті атқарушы органдармен келістірілген, иттерді серуендетуге арналған арнайы орындарынан басқа қоғамдық және көпшілік демалыс орындарына әкелуге тыйым салынады.

5. Иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың реті

      Иелері итті серуенге шығарғанда келесі талаптарды орындауы тиіс:
      35. Иттердің мінез-құлқы мен қала жағдайына қалыптастырылуын бақылау мақсатында қызметтік және аңшылық тұқымды иттердің, ерекше жауапкершілікті қажет ететін иттердің иелеріне иттерін Шахтинск қаласының кинологиялық клубтарында "Қала жағдайында басқарылатын ит" сынақ курсынан өткізуі қажет. Сынақтан өткен жағдайда иесіне қала жағдайында итті серуенге шығаруға рұқсат етілген құжат тапсырылады.
      36. Иттерді тұмылдырықпен (декоративті түрінен басқа) және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен, Ережедегі 40-тармақта көрсетілген орындардан басқа жерлерде, қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады.
      37. Иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында, жергілікті атқарушы органдары, пәтер иелері кооперативтері бекіткен еркін серуен алаңдарында алып жүруге болады.
      38. Иттердің иелері әрдайым иттің мойнына аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген жетон бекітілген қарғыбау тағуы керек. Иесінің тілегі бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлімет болуы мүмкін.
      39. Иттерді қалалық қоғамдық көліктерде тасымалдау көліктің артқы алаңдарында, жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда жүзеге асырылуы тиіс. Иттердің декоративті түрлерін және мысықтарды сөмкеде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады. Науқас иттер мен мысықтарды қоғамдық көлікте тасымалдауға тыйым салынады.
      40. Иттерді тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде иттердің иелері 23.00. мен 07.00. сағат аралығында тыныштықты сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
      41. Тыйым салған ескерту белгісі жоқ мекемелер мен азық-түлік сатпайтын дүкендерде, поштада және тағы басқа орындарда иелері иттерін қысқа мойын жіпте және тұмылдырықта ертіп жүруге болады. Кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге нысандарға итті ертіп келуге қарсы ескерту белгілерін қоюымен қатар иттерді байлап қалдыратын орындар жарақтауы қажет.
      42. Итті қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен, өздігінен шешіліп кетпейтіндей, иесі ғимараттың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де ит басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәріпті бұзбайтын, қозғалыстарға және өзіне зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады. Осы кезде ит жүргіншілердің жүріп тұруына кедергі болмауы керек.
      43. Ит қоғамдық орындарда қарғы баусыз тек қана қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде ғана жүре алады.
      44. Көше қиылыстары мен магистралды жолдардан өткен кезде иттің иесі (итте серуендеуге шығарған тұлға) жол-көлік оқиғаларын және итті көліктің басып кетпеуін болдырмау үшін мойын жібін қысқартып ұстауы қажет.
      45. Иттердің иелеріне мынадай тыйымдар салынады:
      1) құтырма ауруына қарсы егілмеген және токсоплазмозға тексерілмеген иттерді серуендетуге;
      2) жануарларды рұқсат етілген немесе арнайы орындардан басқа, ауладағы балалар ойнайтын, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының аумақтарында, емделу мекемелерінің, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының алаңындарында, тыйым салынған ескерту белгісі бар жерлерде серуендетуге;
      3) иттерді қалалық жағажайда серуендетуге, көпшілік шомылатын жерлерде жуындыруға, тоғандарда, фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға;
      4) көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттен басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, азық-түлік дүкендерінің сауда жасау және өндірістік орындарына, сервистік қызмет көрсету мекемелері мен мәдениет мекемелеріне әкелуге, ұстауға;
      5) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, сондай-ақ көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттерден басқа жануарлармен бірге болуға.
      46. Иесі мас болған жағдайда итті ертіп жүруге және көпшілік жүретін орындарда серуендетуге, көлікте алып жүруіне тыйым салынады.

6. Ит пен мысық иелерінің құқықтары

      47. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
      48. Ит немесе мысық Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген аурулар түрімен ауырған деп танылған жағдайда, аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспектордың шешімімен, немесе соттың шешімі болған жағдайда ғана иесінен алынып, жойылуы мүмкін. Егер де ит науқас емес деп танылса, онда ол иесіне қайтарылуы тиіс. Сонымен қатар, ит немесе мысық иелерінен адамға жарақат келтірген жағдайларда, қауып алғанда, адамға берілетін аурулардың немесе қауіпті аурулардың болуын тексеру үшін алынуы мүмкін.

7. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері

      Иттер мен мысықтардың иелері төмендегі талаптарды орындауға тиіс:
      49. Иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға қолайсыздық келтірмейтін және қауіпсіздік тудырмайтын, тыныштықты жағдайын қамтамасыз ету.
      50. Тұрғын үй-жайларда тыныштықты қамтамасыз ету.
      51. Алаңдарды, кіреберістерді, сатылық торларды, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуар, шағын гүлбақтарды, демалыс аумақтарын ластамау, ал ластанған жағдайда міндетті түрде жедел тазалауды жүзеге асыру (қағаз немесе полиэтилен пакеттерін пайдалану).
      52. Жануарларды түрлеріне қарай зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
      53. Иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстау, оларға ізгілікті қарау, қараусыз қалдырмау, өздерінің жануарларына қажеттілігіне қарай тамақ беру, таза су ішуге жағдай жасау, ұрмау.
      54. Ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшін, диагностикалық зертеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз берілуі керек.
      55. Иттер мен мысықтарды жыл сайын екі, үш айлық мерзімінен бастап ветеринариялық емханаларға бақылау үшін және құтырма ауруына және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу шараларын қолдануға әкеліп отыру, ветеринарлық құжатына тиісті жазбаларды белгілеп отыру.
      56. Егілмеген иттер мен мысықтар көрмелерге, қыдыруларға, жарыстарға, аңға шығуға, және басқа да иттер мен мысықтардың қатысуымен өтетін іс-шараларға қатыстырылмайды.
      57. Жүйелі түрде, тоқсанына кемінде бір рет иттер мен мысықтарға гельминттерге және тері паразиттеріне қарсы алдын-алу шараларын қолданып отыруы қажет.
      58. Иттер мен мысықтар ауырғанда немесе ауруға күдікті болғанда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарласу, тексерістердің қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз сақтау.
      59. Иттер мен мысықтардың адамды немесе жануарларды қауып алу, жарақаттау жағдайларында жедел түрде медициналық мекемелерге, ветеринарлық емханаларға хабарласу, осы жануарларды бақылауға және карантиндік іс-шараларды қолдануға тапсыру. Жарақаттауға кінәлі ит немесе мысықтың иесі жарақаттанушыға өзінің аты-жөнін және мекен-жайын хабарлауға тиіс.
      60. Ит немесе мысық адамға жарақат жасаған кезде емделудің, оның ішінде жәбірленушінің жарақат алғанға дейінгі алғашқы түр-тұлғасының және дене бітімінің толығымен орнына келуіне дейінгі косметикалық операциялардың толық құнын өтеуі керек.
      61. Егер ит немесе мысық басқа итке, мысыққа немесе басқа жануарға өміріне қауіпті жарақат әкелсе, онда иесі өз еркімен немесе сот шешімімен өлген жануардың құнын өтеуге, немесе талап бойынша тегі және жасы бойынша ұқсас жануар ұсынуы қажет.
      62. Ит немесе мысықты одан әрі ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау мекемелеріне береді немесе ветеринариялық мекемеге тапсырады. Үй жануарларын тастап кетуге (иесіздікке ұшыратуға) қатаң тыйым салынады.
      63. Үй жануарының өліп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгілері болған жағдайда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарлау қажет және осы жануарлар ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулануы тиіс.
      64. Ит немесе мысық белгісіз себептермен өліп қалған жағдайларда ветеринарлық мекемелерге немесе лицензияланған ветеринарлық дәрігерлерге өлудің себептерін анықтау үшін хабарласу қажет.
      65. Өліп қалған иттер мен мысықтардың өлігін лақтырып тастауға, қала аумағына көміп тастауға тыйым салынады.
      Иттер мен мысықтардың өлігі қараусыз жануарларды аулайтын және өлген жануарлардың өлекселерін жинайтын қызмет орындарына тапсырылуға немесе жануарлар өлексесін жоюмен айналысатын орындарға тапсырылып, тиісті құжаттар алынуы керек.

8. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау

      66. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы қалдырылғандардан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және қараусыз жүрген иттер мен мысықтар аулайтын және олардың өлекселелерін жинайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады.
      67. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау жергілікті атқарушы органдарымен аулаудың жағдайлары реттелген келісім-шарт жасаған арнайы ұйымдар тарапынан жүзеге асады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлердің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі.
      68. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына арнайы оқыту курстарынан өткен, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде тіркелмеген тұлғалар жіберіледі.
      69. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлер және арнайы көліктің жүргізушісі жануарларды аулау және тасымалдау кезінде ізгілікті сақтауы тиіс.
      70. Ауланған қараусыз иттер мен мысықтар қараусыз жүрген жануарларды уақытша ұстайтын орынға орналастырылады және сол жерде бес тәулік бойына ұсталады. Ұстау мерзімі өткеннен соң жануарлар басқа тұлғаға беріледі немесе инъекция енгізу арқылы өлтіріледі.
      71. Ауланған уақыттан бастап бес тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қараусыз жүрген жануарларды аулау жөніндегі арнайы қызметтерге немесе иесіз жануарларды уақытша ұстау орындарына жануарларды қайтарып алу үшін хабарласуына болады. Жануарлардың уақытша сақтау орындарында ұстау шығындары иелерінің есебінен өтеледі.
      Ауланған жануарларды уақытша сақтау орындары болмаған жағдайда, ауланған жануарларды бес тәулік мерзімінде ұстау қараусыз жүрген жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге жүктеледі.
      72. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезінде:
      1) ауланған үй жануарларын иемденуге, жеке тұлғалар мен ұйымдарға сатуға немесе беруге рұқсат етілмейді;
      2) пәтерлерден және жеке үйлердің аумақтарынан үй жануарларын уәкілетті органның рұқсатынсыз және соттың шешімінсіз алуға тыйым салынады.
      73. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезінде оларды өлтіруге немесе зақым келтіруге тыйым салынады. Иттер мен мысықтарды аулау үшін тор, таяқша және тамақ беру арқылы алдау тәсілдерін қолдануға рұқсат етіледі.
      74. Қараусыз жүрген үй жануарларын аулау уақыты аулаумен айналысатын арнайы мекеменің тіркеу журналында жазылған жануардың нақты ұсталған уақыты болып саналады. Тіркеу журналында жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері және жануарға ұсталғаннан кейінгі қолданған іс-әрекеттер жазылады. Тіркеу журналы аяқталған соң бес жыл мерзімде сақталуы керек.

9. Ереженің сақталуын бақылау

      Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережелерінің қала тұрғындары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берген мемлекеттік органдар: санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау мекемелері, ішкі істер органдары, тұрғын-үй пайдалану органдары - пәтер иелерінің кооперативтері жүзеге асырады.
      75. Пәтер иелерінің кооперативтері Ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) иттерді серуенге шығару үшін көлемі 15 х 15 метрден кем емес, пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативіне бекітілген немесе құрылыстан бос шағын аудан (квартал) аумағында немесе кооперативтердің маңындағы аумақта қоршауы бар, арнайы белгілердің орнатылуымен, жергілікті атқарушы органдармен келісілген орын белгілеуі қажет;
      2) үй жануарлары иелерінің есебінен немесе коммуналдық қызметтерге қосымша төлем енгізу арқылы иттерді серуенге шығаруға бекітілген аула аумақтарының санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді;
      3) қараусыз жүрген үй жануарларын аулаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында жүрген қараусыз иттер мен мысықтар туралы хабарлайды және оларды ұстауға қатысады;
      4) ветеринарлық қызметтердің мамандарына эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге көмек көрсетеді;
      5) әкімшілік органдарға Ережелердің бұзылу фактілері бойынша жануарлардың иелерін жауапкершілікке тарту жөнінде хабарлайды.
      76. Ішкі істер органдары:
      1) қалада иттерді серуендету және көлікте тасымалдау тәртібінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      2) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемелеріне азаматтар, ұйымдар мен мекемелер тарапынан осы Ережелердің сақталуына бақылау жасауға және сақталмаған жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тартуға қажетті көмек көрсетеді;
      3) өздеріне берілген өкілеттік шегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қолданады;
      4) осы Ережелерді бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады.
      77. Мемлекеттік ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
      1) жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы егеді;
      2) қаладан басқа жерлерге шығар кезде жануарларға ветеринариялық куәліктер береді;
      3) қаңғыбас үй жануарларын аулайтын қызметтерге жұмысты ұйымдастыру жөнінде көмек көрсетеді;
      4) үй жануарларының иелері тарапынан ветеринарлық және санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жасайды;
      5) кинологиялық қызметтер атқаратын клубтарға және қоғамдарға, иттерді ұстайтын кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге ветеринарлық саладағы нысандар ретінде ветеринарлық тіркеу құжаттарын береді;
      6) жануарлардың ауруларын болдырмау үшін және ол аурулардың адам ағзасына жұқтырмау үшін тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді.

10. Жануарлар иелерінің осы Ережелерді бұзғандары үшін жауапкершілігі

      78. Осы Ережені бұзғаны үшін жануар иесі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      79. Үй жануарын қатаң ұстап, соның салдарынан өлтіргені үшін, зақым келтіргені жануар иесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 276-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

11. Қорытынды жағдайлар

      80. Тіркелуге тиісті иттер мен мысықтардың иелері оларды осы Ереже күшіне енгеннен бастап алты ай мерзім ішінде тіркетуі қажет.
      81. Иттер мен мысықтарды қараусыз жүрген үй жануарларын уақытша ұстау орындарына орналастыру және ұстау құқы аталған орындар құрылған уақытта жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады