Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігі 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 35/04 каулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы әділет басқармасында 2008 жылы 29 желтоқсанда N 8-9-49 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 03 қыркүйектегі N 20/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009.09.03 N 20/04 қаулысымен.

      Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңнамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауданында аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Нина Васильевна Сергееваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады