Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 9 сессиясының 2008 жылғы 18 қарашадағы N 104 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 қарашада N 8-10-69 тіркелді. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 1-1/105 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.04.25 N 1-1/105 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 392, 393, 394 – баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылға бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген салық ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Бір әкімшілік – аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілері үшін бірыңғай салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Тлеубергеновке жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Р. Жарылғсынов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданы бойынша салық
      басқармасының бастығы                      Қ. Болғанбаев
      18.11.2008 жыл

Ақтоғай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 қарашадағы
9 сессиясының N 104 шешіміне
қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша орналасқан салық салу объектілерінің біреуіне бір жылға белгіленген жиынтық салық көлемі:

реті

Қызмет көрсету түрлері

Салық салу объектісінің тіркелген салық салу объектісі

Бір жылға бір объектіге бекітілген жиынтық салық көлемі (айлық есеп көрсеткіші).

1

Бір ойыншымен ойын өткізу үшін арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматтары бойынша

ұтыс ақшасыз ойын автоматы

10

2.

Бір ойыншыдан жоғары қатысушылармен ойын өткізу үшін арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматтары бойынша (электронды рулеткадан басқа)

ұтыс ақшасыз ойын автоматы

15

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

3

4

Ойын жолы

Боулинг (кегельбан) бойынша ойын жолы

55

5

Бильярд столы бойынша

Бильярд столы

20

6

Карт

Карт

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады