Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 22 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 70 ұсынысын қарай келе Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданында 2009 жылдың қантар-наурыз айлары аралығында 1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркелуіне байланысты мекеме, кәсіпорындар басшыларына төменде көрсетілген шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету тапсырылсын.
2. Аудандық медициналық бірлестігіне (Ж. Қожабековаға - келісімі бойынша):
1) Әскерге шақырылатын азаматтарды дәрігерлік зерттеуден өткізу мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті санда дәрігерлер бөлу;
2) қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде аудандық медициналық мекемелерге қосымша бақылау жүргізу үшін төсек орнын қарастарып, тиісті актілерін толтыру;
3) аудандық медициналық мекемелер арқылы 2009 жылдың қантар - наурыз айлары аралығында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспары және есептеуі бойынша барлық тіркеуге жататын азаматтарды флюорографиялық зерттеуден өткізу мақсатында жылжымалы флюорографиялық көлік аппаратымен қамтамасыз ету;
4) тіркеу мерзімінде тістерін емдеуді қажет ететін азаматтарды сауықтандыру;
5) әскерге шақыру учаскесіне тіркелу кезінде, емделуді қажет ететін азаматтарды тізім бойынша аудандық медицина бірлестігі мекемесіне бекітіп, негізгі әскерге шақыру уақыты мерзіміне дейін емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Кент және селолық округтердің әкімдеріне, барлық ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар басшыларына, аудандық білім бөліміне, кәсіптік мектеп директорларына:
1) Атасу кентінде тіркеуге жататын азаматтарға шақыру қағазы беріліп, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кесте бойынша белгілеген күндері әскерге шақыру учаскесіндегі комиссияға жеткізу;
2) кент және селолық округтеріндегі мектеп директорлары жергілікті жерлерінде тіркеуден өтетін азаматтарды кесте бойынша дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін әр дәрігер мамандарына жұмыс бөлмелерін қамтамасыз ету;
3) азаматтарды шақыру пунктіне жіберу алдында қажетті құжаттардың толықтылығын тексеру;
4) тіркеуден өтетін азаматтарды кесте бойынша дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін оқудан босату тапсырылсын.
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ұ. Қасымов - келісімі бойынша) азаматтарды шақыру пунктіне тасымалдау кезінде төтенше жағдай болдырмау үшін тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44-і бабына сәйкес азаматтардың тіркеу комиссиясына келуін ұйымдастыру және бақылау мақсатында төменде көрсетілген құрамында іздеу тобы құрылсын:
Танкебаев – іздеу тобының бастығы, қорғаныс істер
Бекмурат Камалович жөніндегі бөлімінің орынбасары
топтың мүшесі:
Зарубаев – аудандық ішкі істер бөлімінің
Равхат Рахатович қызметкері
және осы Заңның 17 бабының 6 тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Қасымов – қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
Сағадат Қуанышбекұлы бастығы, комиссия төрағасы
Жандаулетов – аудан әкімінің орынбасары, комиссия
Марат Жандаулетұлы төрағасының орынбасары
Абжанов – аудандық ішкі істер бөлімі
Жайма Үмбетжанұлы бастығының орынбасары
Жақаева – аудандық медициналық бірлестігінің
Манара Жарылгасынқызы медбибісі, комиссия хатшысы
Мүшелері:
Майшин Талғат – дәрігер хирург
Абетбайұлы
Сейфулғазина Еркін – медбибі-окулист
Оралбаева Аян – дәрігер неврапатолог
Даулетбайқызы
Оралбаева Аян – дәрігер-психиатр
Даулетбайқызы
Бурштейн Борис – дәрігер стоматолог
Ефимович
Мәдиев Жұлдыз – дәрігер отоларинголог
Балтабекұлы
Төлеубаев Амангелды – дәрігер дерматолог
Әбілдаұлы
Қалжанова Замзагуль – дәрігер-терапевт
Бағдатқызы
Асқарова Рыскул – медбибі
6. Азаматтарды дәрігерлік байқаудан өткізу үшін тіркеу кезінде 2009 жылдың қантар-наурызға айлары аралығында қорғаныс істері жөніндегі бөліміне төменгі көрсетілген ұйымдардан техникалық қызметкерлер бөлінсін
Теміржолды қалпына келтіру поезы – 1 адам
Аудандық білім бөлімі – 1 адам
7. Аудандық білім бөліміне (Ғ. Байжумановаға) жастарды әскерге шақыру алдында дене шынықтыру және патриоттық тәрбиелеуі, оларды қажетті әскери білім және тәжірибелік дағды алуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Аудандық қаржы бөліміне (А. Жылқыбаевқа):
1) Азаматтарды әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралардың негізінде дәрігерлік сараптамадан өтуіне;
2) кент және селолық округтеріндегі тіркеуден өтетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін автокөлікпен баруға;
3) дәрігерлік комиссия құрамына және кенсе тауарларына жеткілікті қаржы бөлу жүктелсін.
9. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты әзірленген мәдени - көпшілік шаралары бекітілсін (қосымшада көрсетілген).
10. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы С. Қасымовқа Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіндегі қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2009 жылдың 15 сәуіріне дейін ұсынсын.
11. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 12 желтоқсан 2007 жылғы "Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1991 жылы тұған азаматтарды 2008 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы" N 830 қаулысының (Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 29 желтоқсан 2007 жылы N 8-12-39 тіркелген, 5 қантар 2008 жылғы N 1-2 (9243) "Жаңаарқа" газетінде ресми түрде нормативтік құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
13. Осы қаулы ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.
Жаңаарқа ауданының әкімі Х. Омаров
КЕЛІСІЛДІ:
"Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С.Қ. Қасымов
12 желтоқсан 2008 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық медициналық
бірлестігінің директоры
Ж. Қожабекова (келісімі бойынша)
12 желтоқсан 2008 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ұ. Қасымов (келісімі бойынша)
12 желтоқсан 2008 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
"Аудандық білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы Ғ. Байжұманова
12 желтоқсан 2008 ж.
КЕЛІСІЛДІ
"Аудандық қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Жылқыбаев
12 желтоқсан 2008 ж.
12 желтоқсан 2008 жылғы
нормативтік-құқықтық сипаттағы
N 493 қаулысына қосымша
Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты әзірленген мәдени - көпшілік шаралары
Рет саны |
Атқарылатын Іс-шаралар |
Өткізілетін мерзімі |
Жауапты адамдар |
1. |
Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жүргізу |
Сағат |
Шарт бойынш әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А.Биғарашев |
2. |
"Отанды қорғау – Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті" деген тақырыпта әңгіме өткізу |
Сағат |
С. Қасымов - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы |
3. |
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әнгіме өткізу |
Сағат |
М. Жандаулетов – аудан әкімінің орынбасары |
4. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мәнінде түсінік беру |
Сағат |
Шарт бойынш әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А.Биғарашев |
5. |
Түскі үзіліс |
Сағат |
|
6. |
Медициналық сараптама өткізу және әскери училищеге түсу үшін қандай құжаттар керектігі туралы әңгіме өткізу |
Сағат |
Дәрігерлер құрамы, |
7. |
Бір күндік жұмыстың қорытындысы және азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру |
Сағат |
Шарт бойынш әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А.Биғарашев |