Майоровка ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Майоровка селосының әкімінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 03 маусымда N 8-14-76 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Майоровка ауылының Октябрьская, К. Маркса, Ленина, Энгельса, Кирова және Советская көшелерінің тұрғындарының өтінішін қарап:
      1. Майоровка ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Октябрьская көшесі Абай көшесіне;
      2) К. Маркса көшесі Шоқан Уәлиханов көшесіне;
      3) Ленина көшесі Майоровка көшесіне;
      4) Энгельса көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;
      5) Кирова көшесі Қайып Айнабеков көшесіне;
      6) Советская көшесі Абдолла Асылбеков көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауын өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі                                 Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады