Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.07.2013 № 188 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.07.2013 № 112 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал ауданының Сексеуiл, Жақсықылыш, Қармақшы ауданының Жосалы, Төретам, Жалағаш ауданының Жалағаш, Сырдария ауданының Тереңөзек, Шиелi ауданының Шиелi, Жаңақорған ауданының Жаңақорған, Шалқия кенттерi ауылдық елдi мекендерге жатқызылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 261 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 329 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.