Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қызылорда облысының Әділет Департаментінің 2009.08.11. N 2/5977 хатымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Мұхамедовке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Б. Қуандықов
Қызылорда облысы
әкімдігінің 2008 жылдың
26 қараша N 161 қаулысымен
Бекітілді
"Ж
ұ
мыссыз азаматтар
ғ
а аны
қ
тама беру"
мемлекеттік
қ
ызмет к
ө
рсету Стандарты
1. Осы стандарт жұмыссыз азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелу жөнінде анықтамалар беру мемлекеттік қызмет көрсету
тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) белгілейді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет
"Халықты жұмыспен қамту туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
За
ң
ыны
ң
8-бабы 1-тарма
ғ
ы
8) тарма
қ
шасы негізінде к
ө
рсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі аудандардың және Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер),
Байқоңыр қаласы бойынша филиал - уәкілетті органдары арқылы
көрсетіледі. Бөлімдердің және Байқоныр қаласы бойынша филиалының толық атауы, олардың мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
5. Азаматты жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.
6. Осы мемлекеттік қызмет, бөлімдерде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға (бұдан әрі - өтініш берушілер)
көрсетiледi.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті
құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет - 1 жұмыс
күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі.
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезек күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспауы тиіс;
3) қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу үшін кезек күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспауы тиіс.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің және Байқоныр қаласы бойынша филиалдың ғимараттарындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің және Байқоныр қаласы бойынша филиалдың мекен-жайлары осы Стандарттың 1 қосымшасында
көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланады
10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сәрсенбі, сенбі
және жексенбіден сондай-ақ мерекелік күндерден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін, үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдерде және Байқоныр қаласы бойынша филиалында
көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен
қажетті құжаттарды дайындау үшін қолайлы жағдайлар көзделген.
Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар.
2. Мемлекеттік қ ызмет к ө рсету т ә ртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады;
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді толтыру, арыз
қажет етілмейді.
14. Өтініш берушілер қажетті құжаттармен тұрғылықты жеріндегі Бөлімдерге және Байқоңыр қаласы бойынша филиалына өтініш білдіреді. Бөлімдердің және Байқоңыр қаласы бойынша филиалдың мекен-жайлары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
15. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат берілмейді.
16. Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – жеке жолығу. Өтініш берушіге дайын құжатты беру тұрғылықты жеріндегі Бөлімдерде және Байқоңыр қаласы бойынша филиалында жүзеге асырылады. Бөлімдердің және Байқоңыр қаласы бойынша филиалдың мекен-жайлары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
17. Егер, өтініш беруші өтініш беру уақытында жұмыссыз ретінде тіркелмесе, немесе жұмыссыз ретінде есептен шығарылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
18. Бөлімдердің және Байқоңыр қаласы бойынша филиалдың қызметі басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын;
4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
19. Бөлімдердің және Байқоңыр қаласы бойынша филиалдың
жұмыстарының нәтижелері осы Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Бөлімдердің және Байқоңыр қаласы бойынша филиалдың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылатын жұмыс тобы бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті Бөлім бастықтарынан немесе бастықтың орынбасарларынан, Байқоңыр қаласы бойынша филиалдың директорынан алуға болады. Электрондық поштасының мекен-жайлары мен телефон нөмірлері осы Стандарттың 1 - қосымшасында көрсетілген.
22. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдар осы Стандарттың 1,3 қосымшаларында
көрсетілген мекен-жайлары бойынша Бөлімдерге, Байқоңыр қаласы бойынша филиалына немесе аудан әкімдіктеріне, және осы Стандарттың 24 - тармағында электрондық поштасы көрсетілген "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасына немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға беріледі.
23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
Өтініш берушіге шағымның қабылданғандығын дәлелдейтін, жауабы берілетін жері мен мерзімі, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны мен лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
24. Мемлекеттік қызмет көрсететін Бөлімдердің, Байқоңыр
қаласы бойынша филиалдың және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
1) веб-сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, мекен-жайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және Байқоңыр қаласы бойынша филиал директорының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда
қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 47, электрондық поштаның мекен-жайы,
korda2004@mail.ru
, телефон 8 /724-2/ 26-10-76. қабылдау кестесі:
Басқарма бастығы – күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа түскі асқа үзіліс 13.00-дан 15.00-ге дейін.
Басқарма бастығының орынбасары – күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа түскі ас мерзімі 13.00-дан 15.00-ге дейін, N 11 кабинет.
Басқарма бастығының орынбасары – күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа түскі ас мерзімі 13.00-дан 15.00-ге дейін, N 16 кабинет.
3) Қызылорда облысының әкімдігі: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, www.kyzylorda.kz Веб-сайты., жұмыс кестесі: күн сайын, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа сағат 9-00-ден 19-00-ға дейін, түскі ас мерзімі 13-00-дан 15-00-ге дейін.
25. Қызылорда облысының әкімдігі: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, www.kyzylorda.kz Веб-сайты.
"Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына
1-қосымша
Облыстық аудандық және Қызылорда қалалық бөлімдердің және
Байқоңыр қаласы бойынша филиалының байланыс мәліметтері
N |
Қызылорда облысының, Қызылорда қалалық
|
Азаматтарды қабылдау
|
Байланыс телефоны |
Мекен-жайы |
Электронды мекен-жайы, сайт |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
"Қызылорда қалалық
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8 (724-2) 274279 270259 ф: 26-24-89 |
Қызылорда қаласы, Қ.Қазантаев көшесі, 43 үй |
zankz@mail.kz |
2 |
"Арал аудандық
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Арал ауданы, Арал
|
sobes@mail.kz |
3 |
"Қазалы аудандық
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
|
nurmax74@mail.ru |
4 |
"Қармақшы аудандық
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Аманкелді көшесі, 33 |
karmakchi@mail.ru |
5 |
"Қармақшы аудандық
|
Күнделікті: 9.00 - ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00 –ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Байқоңыр
|
- |
6 |
"Жалағаш аудандық
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 1 |
raisobes @ mаіl .ru |
7 |
"Сырдария аудандық
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті,
|
sobes_81@mail.ru |
8 |
"Шиелі аудандық
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 4 |
shielisobes@mail.ru |
9 |
"Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін |
8
|
Жаңақорған ауданы,
|
jkorgan@mail.ru |
"Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына
2-қосымша
Сапа ж ә не қ ол жетімділік к ө рсеткіштерді ң ма ң ызы
Сапа және қол
|
Көрсеткіштіңнормативтік маңызы |
Келесі жылы көрсеткіштіңнысаналы
|
Есептік жылы көрсеткіштіңағымдағы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылылық |
|||
1.1.Құжат тапсырылған уақыттан бастап
|
90 |
95 |
90 |
1.2. Кезекте
|
85 |
90 |
85 |
2. Сапа |
|||
2.1. Тұтынушылар
|
89 |
90 |
87,4 |
2.2. Лауазымды
|
80 |
85 |
79 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету
|
90 |
90 |
87,4 |
3.2. Тұтынушының
|
80 |
80 |
79 |
3.3. Интернет арқылы
|
50 |
30 |
27 |
4. Шағым беру үдерісі |
|||
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет
|
0,5 |
0,1 |
0,3 |
4.2.Белгіленген мерзімде қаралып,
|
100 |
100 |
95 |
4.3. Тұтынушылардың
|
85 |
85 |
80 |
4.4.Тұтынушылар шағым беру мерзіміне
|
90 |
90 |
85 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Тұтынушылардың
|
90 |
90 |
87 |
"Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына
3-қосымша
Аудан ж ә не Қ ызылорда қ аласы ә кімі аппараттарыны ң байланыс деректері
N |
Мемлекеттік органдар атауы |
Азаматтарды
|
Мекен-жайы |
Электронды мекен-жайы, сайт |
1 |
"Қызылорда облысы
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Қызылорда
|
oblkorda@nursat.kz |
2 |
"Қызылорда
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Қызылорда
|
Е-mail gorakimat_kz@list.ru www.kyzylorda-citi.kz |
3 |
"Арал ауданы
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Арал қаласы, Школьная
|
Е-mail aralkalasy@mail.ru |
4 |
"Қазалы ауданы әкімінің аппараты" ММ |
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Әйтеке би,
|
Е-mail LJT.70.@mail.ru |
5 |
"Қармақшы ауданы
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Жосалы кенті, Қорқыт-ата
|
Е-mail karmakchi@mail.ru www.karmakchi.kz |
6 |
"Жалағаш ауданы
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Жалағаш кенті,Әйтеке би көшесі, 12, тел: 8/72431/ 31-454, 31-7-57 |
Е-mail jalkorda@topmail.kz zhalagash@mail.ru |
7 |
"Сырдария ауданы
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Тереңозек кенті, Абай
|
Е-mail syrdarya_akimat@mail.ru |
8 |
"Шиелі ауданы әкімінің аппараты" ММ |
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Шиелі кенті, Рысқұлов
|
Е-mail akimat_shieli@mail.ru |
9 |
"Жаңақорған ауданы
|
Күнделікті: 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліс 13.00–ден 15.00 сағатқа дейін, Аппарат басшысының
|
Жаңақорған кенті,
|
Е-mail org_acim@mail.ru |
ММ – мемлекеттік мекеме