Қызылорда қаласындағы жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына тұрғын үй-жайды жалға алу ақысын төлеу тәртібінің Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 08 ақпандағы N 4/8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2008 жылы 03 наурызда N 10-1-80 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 маусымдағы N 43/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2011.06.14 N 43/11 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы", Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы", Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 182 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі N 276 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласындағы жергілікті бюджетте қаралған қаржы
есебінен халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына тұрғын
үй-жайды жалға алу ақысын төлеу тәртібінің Қағида қосымшаға сәйкес
бекітілсін. (Қағида қоса беріліп отыр).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Бұл шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік мерзімнен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс төртінші сессиясының төрағасы                М. Баекеев

      Қалалық мәслихат хатшысы                         И. Құттықожаев

Қызылорда қалалық мәслихатының
2008 жылғы 8 ақпандағы N 4/8
шешіміне қосымша

Қызылорда қаласындағы жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына
тұрғын үй-жайды жалға алу ақысын төлеу тәртібі туралы
ҚАҒИДАСЫ

1. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар

      1. Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер.
      2. Тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй.
      3. Тұрғын үй (тұрғын жай) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс.
      4. Қызметтік тұрғын үй - азаматтардың еңбек қатынастарының
сипатына байланысты өз міндеттерін орындалуы кезеңінде оларды
қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй.
      5. Жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе қожайынымен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталғаны тұрғын жай.
      6. Тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болып табылатын бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар).
      7. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы - тұрғын үйдегі (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының қосындысы.
      8. Тұрғын үйді жалдау (жалға беру) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру.
      9. Тұрғын үйді жалдау (жалға беру) шарты - оған сәйкес жалға беруші тұрғын үйді не оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт.
      10. Тұрғын үйді қосымша жалдау шарты - тараптардың, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін, шарты.
      11. Көп балалы отбасы - бірге тұратын (соның ішінде уақытша басқа жақта жүрген) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы.
      12. Оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ азаматтар.
      13. Толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы.
      14. Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар тұрғын үйді
пайдалануға, оны ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажет төлемдер қосындысы.

2. Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану

      15. Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығымен
өздерінің тұрғын үйі болмаса.
      16. Отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтік санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе.
      17. Оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатса.
      18. Отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аурулардың тізімі бойынша), бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаса.

3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй
қорынан тұрғын үй беру шарты

      19. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
      20. Жеке тұрғын үй қорындағы меншік иесі тұрмайтын тұрғын үйді ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады.
      21. Жеке тұрғын үй-жай не тұруға жарамды, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және баска міндетті талаптарға сәйкес келетін жеке бөлме (бөлмелер) жалға берілуі мүмкін.
      22. Меншік иесі өзі тұратын тұрғын үйді, не негізгі мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшін берілу болып табылатын тұрғын үйді жалға беруге құқылы.
      23. Тұру шарттары (жалдау мерзімі, ақы төлеу мөлшері, жөндеу
жөніндегі міндеттерді бөлісу, жалға алушыларды шығарудың негіздері және сол сияқтылар) қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жалға беруші мен жалға алушы арасындағы шартпен белгіленеді.
      24. Тұрғын үйін жалға беретін адамдарды меншік иесі таңдайды.
      25. Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайға өзінің отбасы мүшелерін, қосымша жалдаушыларды және уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы.
      26. Тұрғын үй жайды жергілікті атқарушы орган жалға алып берген
адам оған қосымша жалдаушылары мен уақытша тұрғындарды
қоныстандыруға құқылы емес.

4. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы
төлеудің мөлшері

      27. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшерін, егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе қаланың жергілікті
атқарушы органы белгілейді.
      28. Азаматтардың жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлейтін ақысының мөлшерін осы жергілікті атқарушы орган белгілейді.
      29. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтар санатын және тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдары белгілейді.

5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке
      тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді беру нормасы

      30. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде беріледі.
      31. Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген мүгедектердің жекелеген санаттарына және аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын азаматтарға бөлек қосымша бөлме беріледі. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейді.

6. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының санаты

      32. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататындар:
      1.1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;
      1.2. I және ІІ топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
      1.3. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
      1.4. заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
      1.5. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
      1.6. кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма
жасқа жетпеген жетім балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери
қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне
ұзартылады;
      1.7. оралмандар;
      1.8. экологиялық зілзалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
      1.9. көп балалы отбасылары;
      1.10. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттірін, әскери қызметін
орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
      1.11. Толық емес отбасылары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады