Жекелеген санаттағы азаматтарға көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 1964 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2008 жылы 11 наурызда N 10-1-83 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы кезектен тыс IV сессиясының "Қызылорда қалалық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы III сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 3/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу-туралы" N 4/1 шешіміне сәйкес және 2008 жылдың 8 қаңтарындағы Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының N 5-1-13/17 нұсқамасы негізінде Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің 2008 жылдың 24 қаңтарындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 1724 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" (Г.Баймаханова) және "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (К.Ембергенова) мемлекеттік мекемелері Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерде тұтқында болғандарға 2008 жылдың 11 айына (1 ақпанынан - 31 желтоқсан) және 2007 жылдың 7 айына (1 маусымынан - 31 желтоқсан) коммуналдық шығындарын өтеуге қажетті қаржы көлемін анықтасын.
      3. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесі қосымшаға сәйкес мақұлдансын және бекітуге ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Т.Сәтбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн мерзім өткеннен соң күшіне енеді.

      Қала әкімі                                  С. Қожаниязов

Қала әкімдігінің
2008 жылғы 28 ақпан
N 1964 қаулысына
қосымша

       Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру ЕРЕЖЕСІ

       1. Жалпы ереже

      1. Осы ережеге Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен), жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерде тұтқында болғандарға (әрі қарай - әлеуметтік төлемдер алушылар ) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер көрсету тәртібін белгілейді.
      2. Әлеуметтік төлемдер 2008 жылдың 1 ақпанынан - 31 желтоқсан аралығына 11 ай (қосымша есепке сәйкес) және 2007 жылдың 1 маусымынан - 31 желтоқсан аралығындағы 7 ай көлемінде жасалынады.
      3. Әлеуметтік төлемдер алушыларға тағайындалып, төленуі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.

       2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері

      Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын түрлері бойынша дайындау:
      1. Электр жарығы;
      2. Қатты отын (көмір) алу немесе жылу қызметі;
      3. Ауыз немесе аяқ су қызметі;
      4. Телефон қызметтері;
      5. Газ қызметі;
      6. Қоқыс қызметі;
      7. Тұрғын үйді ұстау қызметтері үшін әлеуметтік төлемдер.

       З. Қаржыландыру және төлеу

      1. Бағдарлама әкімшісі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
      2. Әлеуметтік төлемдер қалалық зейнетақы төлеу орталығы ұсынған
жекелеген кейбір санаттағы азаматтардың тізімі бойынша төленеді және қалалық АХАЖ бөлімінің ай сайын ұсынатын қайтыс болғандар тізімі арқылы тоқтатылады.
      3. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына Қазпошта бөлімшелері арқылы аударылады.
      4. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздерге сәйкес тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады