Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 12 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 қаңтарда N 10-3-114 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық әкімдігінің 2012.04.16 N 96 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңының 11 бабын басшылыққа ала отырып, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмекті төлеуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 9(тоғыз) айлық есептік көрсеткіш болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары К.Данабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізілсін.

      Аудан әкімі                                   Н. Мұсабаев

Аудан әкімдігінің
      2008 жылғы 11 қаңтардағы
      N 12 қаулысымен бекітілген

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің
Ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің (бұдан әрі әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
      2. Осы мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесінде (бұдан әрі - Ереже) мынадай ұғымдар қолданылады:
      мүгедек бала - тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған тұлға;
      мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) қорытындысы - медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытуды белгілейтін құжат;
      өтініш беруші - мүгедек баланың атынан әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаушы тұлға;
      баланың заңды өкілдері - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушісі, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тұлғалар.
      3. Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тілегі ескеріле отырып, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясының қорытындысының негізінде үйде жүргізіледі.
      4. Әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-анасының біреуіне, немесе оның орны ауыстыратын тұлғаға, немесе заңды өкіліне (бұдан әрі - алушылар) беріледі.
      5. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалып төленеді.
      6. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алатындығына және отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
      7. Әлеуметтік көмек толық мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балаларға тағайындалмайды.
      8. Талас тудыратын барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралады.

2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі

      9. Ереженің 4-тармағында көрсетілген тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) баланың тууы туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
      3) медициналық - әлеуметтік сараптаманың (МӘС) мүгедектігі туралы берген анықтамасы (көшірмесі);
      4) психологтық - медициналық - педагогикалық консультацияның (ПМПК) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттігі туралы берген қорытындысы (түпнұсқасы);
      5) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (көшірмесі).
      10. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқаларымен көшірмелері ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
      11. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның жауапты тұлғасы құжаттарды түпнұсқаларымен салыстырады, тіркеу журналына ұсынылған құжаттарын қоса өтініштерін тіркейді және өтініш иесіне қабылдау туралы белгісі бар үзбелі талонды береді.

3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

      12. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі өтініш тұрғылықты мекен-жайы бойынша уәкілетті органға тапсырылады.
      13. Әлеуметтік көмек, көмек алуға құқық пайда болғаннан кейін, әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Құжаттарды қоса беріп отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күн ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы көлемінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде шешім қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      15. Әлеуметтік көмек аудандық психологтық-медициналық-педагогикалық консультациясының берген анықтамасында көрсетілгендей, құқық пайда болған кезден бастап, тоқсан сайын бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын көрсетілген кезеңге төленеді.
      16. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.
      17. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтатуға немесе қайта жаңартуға әсер ететін (баланы асырап алу, оның өлімі мен т.б.) жағдайларда, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.

4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

      18. Әлеуметтік көмек бір тоқсанға төленеді.
      19. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
      20. Әлеуметтік көмек алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша әлеуметтік көмекті төлеу жүргізіледі.
      21. Әдейі жасалған мәліметтерді ұсыну, әлеуметтік көмек төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нәтижесінде артық төленген әлеуметтік көмек, алушыдан төмендегі жағдайларда ұсталады:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті органның шешімі негізінде;
      2) соттың шешімі, анықтамасы, қаулысы негізінде.
      22. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның кінәсі бойынша аударылмаған әлеуметтік көмектің сомасы өткен уақыт үшін ешқандай мерзіммен шектеусіз бірден аударылады.
      23. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есепті жүргізу және есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады