Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңына сәйкес Қармақшы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы N 1, N 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Тоғызбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11 сәуірдегі
N 280 қаулысына 1 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы қағида
1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына, Ауған және Вьетнам соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне (әрі қарай - өтемақы алушылар) тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары үшін өтемақы (әрі қарай - өтемақы) төлеу тәртібін белгілейді.
2. Өтемақы алушыларға төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы, ал Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына төлемдер аталмыш бөлімнің Байқоңыр қаласындағы филиалы арқылы жүзеге асырылады.
2. Бюджеттен өтелетін коммуналдық қызмет түрлері
3. Өтемақы алушыларға өтемақы ай сайын (қосымша есепке сәйкес) төмендегі коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша тағайындалады:
1) электр қуатымен жабдықтау;
2) мұздай және ыстық сумен жабдықтау;
3) газбен жабдықтау (орталықтандырылған немесе баллонды газ);
4) жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты отын);
5) тұрғын үйді ұстауға кететін шығындар, оның ішінде қоқыс шығару және лифтілерге қызмет көрсету;
6) су қашыртқысы;
7) телефон байланысы.
3. Қаржыландыру және төлеу
4. Бағдарламаның әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
5. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлік;
4) азаматтарды тіркеу кітабы;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлерінің, екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы тұтқындарының, Ауған және Вьетнам соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің және Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушыларының құқығын растайтын құжат.
6. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
7. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
8. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11 сәуірдегі
N 280 қаулысына 2 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы қағида
1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары (әрі қарай - әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер төлеу тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік төлемдер алушыларға төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы, ал Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына төлемдер аталмыш бөлімнің Байқоңыр қаласындағы филиалы арқылы жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері және мөлшері
3. Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік көмек ай сайын төмендегі түрлер бойынша тағайындалады:
1) шаштараз қызметі үшін әлеуметтік төлем;
2) монша қызметі үшін әлеуметтік төлем.
4. Әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 8-IV "2008 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 0,7 еселенген мөлшерінде белгіленеді.
Әлеуметтік төлем жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта есептелініп төленеді.
3. Қаржыландыру және төлеу
5. Бағдарламаның әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
6. Әлеуметтік төлем алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
4) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлік;
5) азаматтарды тіркеу кітабы.
7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
8. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.