2009 жылға арналған базарларда тауарларды сату, қызметтер көрсету және кәсіпкерлікпен дүркін-дүркін сипатта айналысушы тұлғалардың бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 88 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 06 қаңтарда N 10-5-102 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 170 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.03.30 N 170 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға арналған базарларда тауарларды сату, қызметтер көрсету және кәсіпкерлікпен дүркін-дүркін сипатта айналысушы тұлғалардың бір жолғы талондар құны N 1, N 2 қосымшаларда көрсетілген мөлшерде белгіленсін.
      2. Қармақшы аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы "2008 жылға арналған базарларда тауарларды сату және кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысушы жеке тұлғалардың бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" N 30 санды шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 9 қаңтарында 10-5-80 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 7-8 санды шығарылымында жарияланған), аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 маусымдағы "Қармақшы аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 30 санды "2008 жылға арналған базарларда тауарларды сату және кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысушы жеке тұлғалардың бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу жайлы" N 59 санды шешімінің Қармақшы аудандық мәслихатының 30 қыркүйек 2008 жылғы "2008 жылға арналған базарларда тауарларды сату және кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысушы жеке тұлғалардың бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" N 69 санды шешімінің және Қармақшы аудандық мәслихатының 6 қараша 2008 жылғы "2008 жылға арналған базарларда тауарларды сату және кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысушы жеке тұлғалардың бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" N 78 санды шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
кезекті 11-сессиясының төрағасы                        Ә.Байбарақов

      Аудандық мәслихат хатшысы                        М.Ерманов

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
24 желтоқсандағы кезекті
11- сессиясының N 88 шешіміне
N 1 қосымшасы

Базарларда тауарларын /мүлкін/ өткізетін, сататын бір жолғы талон негізінде кәсіпшілікпен айналысатын тұлғалардың бір  күнгі сатушылық қызметінің талон құны    

р/с

Базардың саудашылық қызмет түрі

3-санат

Бір жолғы талон құны тенге

1

Азық-түлік саудасы


- жүк автокөліктен сату


500


- жеңіл автокөліктен сату


200


- сөреден сату


70


- қолдан сату


50

2

Өндірістік /киім/ канцелярлық, шаруашылық тауарлар саудасы


- сөреден сату


80


- қолдан сату


60

3

Кілем, палас бұйымдарын сату


120

4

Балмұздақ сату


120

5

Шашлык /гриль/ сату


120

6

Сусындар сату


50

7

Нан-кондитер өнімдерін сату


30

8

Шемішке, насыбай сату


20

9

Ет, ет өнімдерін сөреден сату


200

10

Сүт, сүт өнімдерін сату


30

11

Сөрелерді аралап тамақ сату


50

12

Көкөніс өнімдерін /салат/ сату


50

13

Етік, сағат жөндеу қызметі


60

14

Ірі қара малын сату /1 бас/


200

15

Уақ малы /1 бас/


80

16

Жем-шөпті, табиғи отындарды /жынғыл/ жүк машиналарынан сату


500

17

Күріш, бидай ұн өнімдерін сату


120

18

Аудио-бейне кассета сату, жалға /прокат/ беру


50

19

Көкөніс-жемістер сату


50

20

Арбамен отын сату


50

21

Қолдан жасалған үй жиһаздарын сату


70

22

Жұлдызнамаларды және бал ашуларды құрау жөніндегі қызмет көрсетулер


50

23

Халық тұтынатын тауарларды жәрмеңкеде сату


50

     

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
24 желтоқсандағы кезекті
11- сессиясының N 88 шешіміне
N 2 қосымшасы

Қармақшы ауданы бойынша кәсіпкерлікпен дүркін-дүркін сипатта айналысушы жеке тұлғалардың бір жолғы талон құны     

р/с

Бір жолғы талон негізінде кәсіпкерліктің тізбесі

3-санат

құны


Сату /тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы/

1

Газеттер мен журналдар


40

2

Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары /тікпе көшет, көшет/


50

3

Бақша дақылдары


50

4

Саяжай және үй жанында өсірілген табиғи гүлдер


80

5

Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері


50

6

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп


80

7

Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық


40

8

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері


200

9

Үй жануарлары мен құстарды бағу


60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады