Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы N 5-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 19 ақпанда N 10-6-88 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі N 7-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008.04.29 N 7-2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Қоса беріліп отырған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 36-3 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-70 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2007 жылғы 7 қыркүйектегі N 72 санында жарияланған);
      2) Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 2-2 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 36-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-72 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2007 жылғы 22 қыркүйектегі N 76 санында жарияланған);
      3) Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 4-5 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 36-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-79 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      V-сессиясының төрағасы,
      Аудандық мәслихат хатшысы                      К. Сүлейменов

2008 жылғы 13 ақпан N 5-2
аудандық мәслихаттың шешімімен
бекітілген

Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ереже

      
      1. Осы Қағида жергілікті өкілді органның шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарына және 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстандағы ұрыс қимылдарға қатысушылары мен мүгедектеріне (әрі қарай-әлеуметтік төлемдерді алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер көрсету тәртібін белгілейді.
      2. Әлеуметтік төлемдер жыл бойы жасалынады.
      3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындап, төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.

2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері

      
      4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын (қосымша есебіне сәйкес) түрлер бойынша тағайындалады:
      1) электр жарығы 1 адамға-1 айға 45 квт/сағ 320 тенге 85 тиын (1 квт/сағ 7,13 теңге);
      2) қатты отын (көмір алу) немесе жылу қызметі (қыс айлары 15
қазаннан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз айларында 0,5 тн- 3250 теңге);
      3) ауыз су қызметтері 1 адамға 1 айға 40 теңге 02 тиын;
      4) телефон қызметтері 1 айға 243 теңге 69 тиын;
      5) газ қызметі 1 айға 1200 теңге;
      Барлығы 1 айға 1 адамға коммуналдық шығындар мөлшері жылуымен -5054 теңге 56 тиын, жылусыз -1804 теңге 56 тиын.

3. Қаржыландыру және төлеу

      
      5. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
      6. Әлеуметтік төлемдерді алушының құқығын растайтын тұрақты тұратын жерінде 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылған нысандар бойынша тиісті органдар берген куәліктер, сондай-ақ әскери комиссариаттар, әскери бөлімдер, архив мекемелері әскери қызметшінің, партизанның және өзге адамның қаза тапқандығы (хабар-ошарсыз кеткені), қайтыс болғаны туралы берген хабарламалары, анықтамалары, немесе зейнетақы тағайындаған органдар растаған зейнеткерлік куәліктері әлеуметтік төлемдер алуға негіз болып табылады.
      7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді адамдардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
      8. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған негіздерге сәйкес тоқтатылады.
      9. Қағидаға сәйкес бұл көмек бойынша бюджетте бөлінген қаржы көлемінен артық кредиторлық қаржы жинақталмайды.

Жекелеген санаттағы азаматтарға
әлеуметтік төлемдер беру Қағидасына
қосымша

Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй көмегін тағайындауда қолданылатын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерінің бағалары мен тұтыну нормалары туралы мәлімет

Телефон төлем-
ақысы 1 айға, теңге

электр қуаты, 1 адамға 1 айға 45 квт/сағ.

ауыз су 1 адамға теңге

лас су 1 адамға теңге

Ыстық су 1 адамға, теңге

Газ 1 отбасына, теңге

Күл-
қоқыс 1 адам- ға, теңге

Тұрғын үйді ұстау 1 адамға 18 шаршы метр

Жылу, (18 шаршы метр)

Жылу 1 айға 0,5 тонна көмірден

Барлығы 1 айға 1 адамға коммуналдық шығындар мөлшері, теңге

1 квт бағасы

Сомасы, теңге

10 кг

газбаллон

1 шаршы метр бағасы

Сомасы, теңге

1 шаршы метр бағасы

Сомасы, теңге

жылумен

жылусыз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

243,69

7,13

320,85

40,02

0,00

0,00


1200,00



0,00


0,00

3250,00

5054,56

1804,56

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады