Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.04 N 222 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 100 қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалға (жалдауға) беру Нұсқаулығы 1-косымшаға сәйкес;
2) Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналар жойылсын:
1) "Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 39 қаулысы;
2) "Аудан әкімиятының 2005 жылғы 2 маусымдағы N 31 және 2005 жылғы 27 маусымдағы N 39 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 271 қаулысының 2-тармағы;
3) "Аудан әкімиятының 2005 жылғы 27 маусымдағы N 39 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 446 қаулысы.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Тасыбайға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ө. Шаменов
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 4 маусымдағы
N 494 қаулысымен бекітілген
1-қосымша
Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалға (жалдауға) беру
Нұсқаулығы
1. Жалпы ереже
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
2. Осы Нұсқаулық аудандық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалға (жалдауға) беру тәртібін айқындайды.
3. Аудандық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру тендерлік негізде жүргізіледі.
4. Аудандық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беруді, осы Нұсқаулық бойынша көзделген реттерден басқа, "Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
2. Негізгі ұғымдар
5. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Уәкілетті орган - "Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, шартта мемлекеттің мүдделерін білдіруге уәкілетті және меншік иесінің атынан шығатын тарап;
2) шарт - Уәкілетті органмен жалға алушы арасында жасалған аудандық коммуналдық меншік объектісін белгіленген ақымен уақытша иеленуге және пайдалануға беруді міндетіне алғаны туралы шарт (келісім-шарт);
3) объект - егер ол заңнамамен басқа белгіленбесе, аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктік кешендер ретіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, сондай-ақ аудандық коммуналдық меншіктегі өзге мемлекеттік мүлік;
4) ағымдағы құны - кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы шешім қабылданған жағдайда объектінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құны;
5) тендер - конкурстық саудалар нысаны, онда Уәкілетті орган оған ұсынылған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенеді;
6) тендерлік комиссия - Уәкілетті органның аудандық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер ұйымдастыру және өткізу үшін құрған органы;
7) тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
8) жалға алушы (жалгер) - Уәкілетті органмен шарт жасасқан тұлға;
9) мүліктік жалға (жалдауға) беру - жалға берушінің (жалдауға берушінің) жалға алушыға (жалгерге) аудандық коммуналдық меншік объектісін белгіленген ақымен уақытша иеленуге және пайдалануға беруі;
10) жалға беруші (жалдауға беруші) - меншік иесінің атынан шығатын "Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
11) теңгерім ұстаушы - аудандық коммуналдық меншік объектісін
иеленуші мемлекеттік заңды тұлға;
12) өтінім - қатысушының тендерге қатысуға ниетін дәлелдейтін құжаттар жиынтығы.
3. Объектіні беру тәртібі
6. Объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы өтінімді аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден басқа, барлық жеке және заңды тұлғалар бере алады.
7. Өтінімдерді Уәкілетті орган қабылдайды және тіркейді.
8. Аудандық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі өтінімдерді қарауды Уәкілетті орган жүзеге асырады, ал кейіннен сатып алу құқығымен өтінімдерді тендерлік комиссия қарайды.
9. Келіп түскен өтінімдермен қоса мынадай құжаттар қабылданады:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін - жарғының (ереженің), заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточкасының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
2) шетелдік заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармасымен бірге құрылтайшылық құжаттар;
3) жеке тұлғалар үшін - төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттар;
4) кепілдік жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі;
5) бюджет алдында берешегі жоқтығы туралы мәлімет;
6) объектіні пайдалану бағдарламасы және объектінің жоспар-сызбасы;
7) теңгерім ұстаушының келісімі.
10. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде өтінімдерді және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жалға (жалдауға) беруші мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) объектіні мақсатты тағайындалуы бойынша мүліктік жалға (жалдауға) сатып алу құқығынсыз беру туралы;
2) осы объект бойынша тендер өткізу туралы;
3) себептерін көрсете отырып бас тарту туралы.
11. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде келіп түскен өтінімдер тендерлік комиссиямен қаралады.
12. Өтінім беруші тендерлік комиссия отырысына өзі немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаттың негізінде өзінің өкілдері арқылы қатысуға құқылы.
13. Тендерлік комиссияның қарауына тиісті материалдардың тізімін Уәкілетті орган дайындайды.
14. Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы тендерлік комиссия шешімінің және Уәкілетті орган бұйрығының негізінде тендер жеңімпазымен тиісті шарт (келісім-шарт) жасалады.
15. Шартты (келісім-шарт) ресімдеу және объектіні беруді жүзеге асыру құқығына Уәкілетті орган ие.
16. Кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тікелей атаулы сату жүзеге асырылады.
4. Шарттың мазмұны
17. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында міндетті түрде мынадай ережелер болуы тиіс:
1) мүліктік жалға (жалдауға) берілетін объектілер туралы деректер мен техникалық сипаттамасы;
2) жалға алушыға жалға берілген мүліктің тапсырылатын мерзімі мен шарттың қолданылу мерзімі;
3) жалға алынған мүлікті пайдалану ақысын енгізу тәртібі, мөлшері мен мерзімдері;
4) Жалға берушінің міндеттері:
4.1. Теңгерім ұстаушының шарт белгілеген мерзімде объектіні қабылдау-өткізу кесімі бойынша жалға алушыға беруін қамтамасыз ету;
4.2. Шарт белгілеген тәртіппен жалға алушының объектіні иеленуі мен пайдалануына кедергі болатын іс-қимыл жасамауға;
5) Жалға алушының міндеттері:
5.1. Объектіні тиісті тәртіпте ұстау, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамау;
5.2. Егер өзге заңнамамен немесе шартпен көзделмесе өз есебінен ағымдағы жөндеуді жүргізу және жалға алынған мүлікті ұстау жөніндегі шығындарды көтеру;
5.3. Объектіге өзінің кінәсі бойынша зақым келтірілген жағдайда, оны өз есебінен жөндеуді қамтамасыз ету;
5.4. Жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау;
5.5. Жалға берушінің, санитарлық қадағалау қызметінің және
ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің объектіге және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат беру, көрсетілген кемшіліктерді олар белгілеген мерзімде жою;
5.6. Жалға берушінің келісімімен ғана объектіні ішкі жалдауға (қосалқы жалгерлікке) беруге, мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға (қайта жалдауға) беруге, объектіні ақысыз пайдалануға беруге тиіс. Жалға алушы шарт бойынша көрсетілген жағдайларда қайта жалдауды есептемегенде, жалға берушінің алдында жауапты болып қалады;
5.7. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өз құқықтарын кепілге бермеуге немесе оларды салым ретінде шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеуге;
5.8. Шарт белгілеген мөлшерде, мерзімдерде және тәртіппен жалдау ақысын енгізуге;
5.9. Шарт белгілеген мерзімде объектіні қанағаттанарлық жағдайда қайтаруға;
6) Мыналар:
6.1. Жалға алушының заңды тұлға ретінде таратылуы;
6.2. Жалға алушының мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының жағдайларын бұзуы;
6.3. Заңнамалық кесімдермен немесе шартпен көзделген жағдайларда жалға берушінің немесе жалға алушының талабы бойынша;
6.4. егер жалға алушы шартпен белгіленген төлеу мерзімі аяқталғанда екіден көп уақыт мүлікті пайдалану үшін төлемді енгізбесе;
6.5. Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе шарт көздеген өзге де жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзудың негіздемелері мен шарттары болып табылады.
18. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына объектіні сәулет, тарих және мәдениет ескерткіші ретінде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.
19. Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдау үшін төлемді есептеу кезінде жалға алушы жалпы пайдаланатын алаңдардың үлестік пайдалануына үйлесімді ескеру қажет.
20. Жалдау ақысы аудан бюджетіне аударылады.
21. Теңгерім ұстаушы объектіні жалға алушыға жалға берушінің қатысуымен:
1) кесім жасалған күн мен орын;
2) өкілдер оларға сәйкес тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілетті құжаттардың атауы мен реквизиттері;
3) Объект оған сәйкес берілуі өткізілетін мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының нөмірі мен қол қойылған күні;
4) берілетін объектінің анықталған бұзылғандықтардың тізімімен бірге техникалық жағдайы;
5) тараптардың мөрлерімен расталған өкілдерінің қолдары қабылдау-өткізу кесім бойынша беруін жүзеге асырады.
22. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың өзара келісімі бойынша жүргізіледі.
23. Қабылдау-өткізу кесімі үш данада жасалады, оның біреуі жалға берушіде, біреуі теңгерім ұстаушыда сақталады және біреуі жалға алушыға тапсырылады.
24. Тараптар шарттың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Қорытынды ережелер
25. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.
26. Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде туындайтын даулар тараптардың өзара келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады.
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 4 маусымдағы
N 494 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру
Нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру тәртібін, оның ішінде тендер өткізуді, сенімгерлік басқарушылармен шарт жасасуды және оларды бақылауды жүзеге асыруды анықтайды.
2. Аудандық коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруды тағайындаушы "Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
3. Аудандық коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқару шарт бойынша мәміле негізінде туындайды (тағайындалады).
4. Кейіннен сатып алу құқығымен аудандық коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
2. Негізгі ұғымдар
5. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Уәкілетті орган - "Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, шартта мемлекеттің мүдделерін білдіруге уәкілетті және меншік иесінің атынан шығатын тарап;
2) сенімгерлік басқарушы (тәуелсіз басқарушы) - Уәкілетті органмен сенімгерлік басқару шартын жасаған жеке немесе заңды тұлға;
3) шарт - Уәкілетті орган мен сенімгерлік басқарушы арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқаруға шарт (келісім-шарт);
4) объект - егер ол заңнамамен басқа белгіленбесе, аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктік кешендер ретіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген өзге мемлекеттік мүлік;
5) ағымдағы құны - кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда объектінің Қазақстан
Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құны;
6) тендер - конкурстық саудалар нысаны, онда Уәкілетті орган оған ұсынылған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенеді;
7) тендерлік комиссия - Уәкілетті органның аудандық коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер ұйымдастыру және өткізу үшін құрған органы;
8) тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
9) сенімгерлік басқару - сенімгерлік басқарушы өзінің атынан оған берілген аудандық коммуналдық меншік объектісін уақытша иеленуді, пайдалануды және билік етуді мақсатты пайдалануды жүзеге асыру;
10) сенімгерлік басқарушы - уақытша иелік етуге, пайдалануға және билік етуге берілген аудандық коммуналдық меншік объектісін өз атынан басқару жасауды міндетіне алған, сенімгерлік басқаруға беру шартындағы тарап;
11) теңгерім ұстаушы - аудандық коммуналдық меншік объектісін
иеленуші мемлекеттік заңды тұлға;
12) өтінім - қатысушының тендерге қатысуға ниетін дәлелдейтін құжаттар жиынтығы.
3. Объектіні беру тәртібі
6. Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінімді жеке және заңды тұлғалар бере алады.
7. Өтінімдерді Уәкілетті орган қабылдайды және тіркейді.
8. Аудандық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқару жөнінде келіп түскен өтінімдерін қарауды Уәкілетті орган жүзеге асырады, ал кейіннен сатып алу құқығымен өтінімдерді тендерлік комиссия қарайды.
9. Келіп түскен өтінімдермен қоса мынадай құжаттар қабылданады:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін - жарғының (ереженің), заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточкасының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
2) шетелдік заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармасымен бірге құрылтайшылық құжаттар;
3) жеке тұлғалар үшін - төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттар;
4) кепілдік жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі;
5) бюджет алдында берешегі жоқтығы туралы мәлімет;
6) объектіні пайдалану бағдарламасы және объектінің жоспар-сызбасы;
7) теңгерім ұстаушының келісімі.
10. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөнінде өтінімдерді және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Уәкілетті орган мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) объектіні мақсатты тағайындалуы бойынша сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы;
2) себептерін көрсете отырып бас тарту туралы.
11. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөнінде келіп түскен өтінімдер тендерлік комиссиямен қаралады.
12. Өтінім беруші тендерлік комиссия отырысына өзі немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаттың негізінде өзінің өкілдері арқылы қатысуға құқылы.
13. Тендерлік комиссияның қарауына тиісті материалдардың тізімін Уәкілетті орган дайындайды.
14. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру туралы тендерлік комиссия шешімінің және Уәкілетті орган бұйрығының негізінде тендер жеңімпазымен тиісті шарт (келісім-шарт) жасалады.
15. Шартты ресімдеу және объектіні беруді жүзеге асыру, сондай-ақ шарт бойынша бақылау жасау құқығына Уәкілетті орган ие.
16. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру осы Нұсқаулыққа сәйкес, Уәкілетті органның бұйрығы негізінде шартпен (келісім-шарт) ресімделеді.
17. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру шартының (келісім-шарт) мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, объектіні тікелей атаулы сату жүзеге асырылады.
4. Шарттың мазмұны
18. Шартта (келісім-шарт) міндетті түрде мынадай ережелер болуы тиіс:
1) сенімгерлік басқаруға берілетін объектілер туралы деректер мен техникалық сипаттамасы;
2) сенімгерлік басқаруға берілген объектінің тапсырылатын мерзімі мен шарттың қолдану мерзімі;
3) Уәкілетті органның міндеттері:
3.1. Теңгерім ұстаушының шарт белгілеген мерзімде объектіні қабылдау-өткізу кесімі бойынша сенімгерлік басқарушыға беруін қамтамасыз ету;
3.2. Шарт белгілеген тәртіппен сенімгерлік басқарушының объектіні иеленуі мен пайдалануына кедергі болатын іс-қимыл жасамауға;
4) Сенімгерлік басқарушының міндеттері:
4.1. Объектіні тиісті тәртіпте ұстау, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамау;
4.2. Егер өзге заңнамамен немесе шартпен көзделмесе өз есебінен ағымдағы жөндеуді жүргізу және сенімгерлік басқаруға алынған мүлікті ұстау жөніндегі шығындарды көтеру;
4.3. Объектіге өзінің кінәсі бойынша зақым келтірілген жағдайда, оны өз есебінен жөндеуді қамтамасыз ету;
4.4. Уәкілетті органның алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау;
4.5. Уәкілетті органның, санитарлық қадағалау қызметінің және
ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің объектіге және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат беру, көрсетілген олқылықтарды олар белгілеген мерзімде жою;
4.6. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға беру шарты бойынша өз құқықтарын кепілге бермеуге немесе оларды салым ретінде шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеуге;
4.7. Уәкілетті органға шартта белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өз қызметі туралы мәлімет беруге;
4.8. Шарт белгілеген мерзімде объектіні қанағаттанарлық жағдайда қайтаруға;
5) Мыналар:
5.1. Сенімгерлік басқарушының заңды тұлға ретінде таратылуы;
5.2. Сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруға беру шартының жағдайларын бұзуы;
5.3. Заңнамалық кесімдермен немесе шартпен көзделген жағдайларда Уәкілетті органның немесе сенімгерлік басқарушының талабы бойынша;
5.5. Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе шарт көздеген өзге де жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзудың негіздемелері мен шарттары болып табылады.
19. Теңгерім ұстаушы объектіні сенімгерлік басқарушыға Уәкілетті органның қатысуымен:
1) кесім жасалған күн мен орын;
2) өкілдер оларға сәйкес тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілетті құжаттардың атауы мен реквизиттері;
3) Объект оған сәйкес берілуі өткізілетін шарттың нөмірі мен қол қойылған күні;
4) берілетін объектінің анықталған бұзылғандықтардың тізімімен бірге техникалық жағдайы;
5) тараптардың мөрлерімен расталған өкілдерінің қолдары қабылдау-өткізу кесім бойынша беруін жүзеге асырады.
20. Сенімгерлік басқаруға беру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың өзара келісімі бойынша жүргізіледі.
21. Қабылдау-өткізу кесімі үш данада жасалады, оның біреуі Уәкілетті органда, біреуі теңгерім ұстаушыда сақталады және біреуі сенімгерлік басқарушыға тапсырылады.
22. Тараптар шарттың (келісім-шарт) ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Қорытынды ережелер
23. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша сенімгерлік басқаруға беру шартының тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.
24. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын даулар тараптардың өзара келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады.