Жер учаскелерін табыстауды уақытша тоқтату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш кенті әкімінің 2008 жылғы 25 шілдедегі N 91 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 12 тамызда N 10-6-97 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш кенті әкімінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 134 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш кенті әкімінің 2009.01.16 N 134 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңын, "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын басшылыққа алып және Жалағаш кентінің бас жоспарының бекітілмеуіне байланысты ШЕШЕМІН:
      1. Кент аумағында жаңа инфрақұрылымдар орналастырудың қаржылық қамтамасыз етілуі қарастырылғанға дейін және Жалағаш кентінің бас жоспары бекітілгенше бұрынғы жер учаскелеріне қосымша жер учаскелерін, жеке тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік қызмет мақсаттарына жер телімдерін табыстау уақытша тоқтатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің
орынбасары М.Ибраевқа жүктелсін.

      Кент әкімі                                    А. Дәрібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады