Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.26 N 248 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 100 қаулысымен.
1. Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін белгілеу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 502 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Б. Тасыбай
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11 тамыздағы
N 555 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
Реттік саны | Коэффициенттер түрі | Коэффициент мөлшері |
---|---|---|
1. |
Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент (Ктұр) |
|
Кеңселік |
1,0 |
|
өндірістік |
0,8 |
|
қоймалық, буқазандық |
0,6 |
|
басқалар үшін |
0,9 |
|
2. |
Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр) |
|
бөлек тұрған |
1,0 |
|
кірістірме-жапсарлас бөлігі |
0,9 |
|
цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі |
0,8 |
|
өжіре бөлігі |
0,7 |
|
3. |
Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж) |
|
Барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды |
1,0 |
|
4. |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка) |
|
аудан орталығы үшін |
1,5 |
|
аудан орталығының шет аймағы үшін |
0,8 |
|
аудан орталығы емес қыстақтар, ауылдар үшін |
1,0 |
|
5. |
Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқ) |
|
банктердің, "Қазпошта" АҚ есеп айрысу-кассалары үшін |
2,0 |
|
брокерлік және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін |
3,0 |
|
қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін |
2,5 |
|
Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін: жоғары білім беру |
1,1 |
|
орта білім беру |
0,9 |
|
мектепке дейінгі білім беру |
0,8 |
|
орта және арнайы орта білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін |
0,9 |
|
басқалар үшін |
1,0 |
|
6. |
Жалға алушының ұйымдастырушылық - құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Құқ) |
|
мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін |
1,3 |
|
сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда өндірістік және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілер үшін |
1,2 |
|
жеке кәсіпкерлер үшін |
1,1 |
|
акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан да астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін |
0,8 |
|
мемлекеттік кәсіпорындар үшін |
0,7 |
|
республикалық (облыстық) мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
Ескертпе:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:
Жа = Еа х А х Ктұр х Ктүр х Кж х Ка х Кқ х Құқ
Еа-1 шаршы метрге жылдық жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңге;
А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Ктұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
Ка - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Құқ -жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
Жа = Ққ х N3111 /100 х Кт
Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ққ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
Nam - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 120 бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.01.27 N 725 қаулысымен.
Кт - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде 0,8 мөлшерде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде 0,5).