Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 08 қазандағы N 11/10 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 11 қарашада N 10-9-70 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі N 19/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2009.07.15 N 19/6 шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат (XI сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру қағидасы бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 маусымдағы кезекті XXXII сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру ережесі туралы" ( нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылдың 30 шілдесіндегі N 10-9-46 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 75-76 шығарылымында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 17 желтоқсанындағы N 4/8 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылдың 19 желтоқсанындағы N 10-9-52 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 9-10 шығарылымында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 маусымдағы N 9/8 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 31 шілдеде N 10-9-59 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 69 шығарылымында жарияланған) N 32/9 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                        А. Қарғабай

      Аудандық мәслихат хатшысы                   С.Қ. Оразымбетов

Аудандық мәслихаттың
      2008 жылғы 08 қазандағы
      N 11/10 шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы қағида

      
      1. Осы қағида аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық шығындарды тұрғын үй көмегімен өтелуін анықтап береді.
      2. Тұрғын үй көмегі халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну, тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) коммуналдық қызметтермен қоса қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалданған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу жөнінде көмек көрсету жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтемақы.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынадай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде белгіленсе, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 10 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
      4. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй беру нормаларымен баламалы.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      
      1. Тұрғын үй көмегі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      3. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын үйді жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады. Отбасында мүгедек балаларды. 1 және II топ мүгедектер мен 80 жастан асқан адамдарды күтушілерден, 3 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, сол сияқты ең кіші баласы 1 сыныпты аяқтағанша (бірақ 7 жастан аспау керек), 4 және одан да көп бала тәрбиелеушіден басқа, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерге қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтығаны жөнінде тілхат бермеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      
      1. Тұрғын үй көмегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен азаматтарға атаулы ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй коммуналдық қызметтері үшін нақты есептеуден аспауға тиісті.
      2. Тұрғын үй көмегі арыз берген мерзімнен бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдердің алғашқы іс жосығы секілді жүргізіледі. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер мөлшерлері мен тарифтері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізіледі.
      3. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін хабардар етеді. Көмектің мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі және осы ереженің қосымшасымен бекітілген норматив мөлшерінде төленеді.
      4. Көмір 4 адамға дейінгі бір отбасына 3 айға 2 тонна;
      4 және одан да көп мүшесі бар бір отбасына 3 айға 3 тонна;
      5. Тұрғын үй алаңы бір адамға 18 кв.м;
      6. Ауыз су:
      көшедегі су құбырларынан 1 адамға тәулігіне 60 л;
      канализациясы жоқ үйге 1 адамға тәулігіне 100 л;
      7. Электр қуатын 3 адамға дейін мүшелері бар отбасыларына әрқайсысына 45 квт;
      3 адамнан жоғары мүшелері бар отбасына 150 квт;
      8. Газды пайдалану 1 айға 4 адамға дейінгі отбасыларға кішкене газ баллон салмағы  10 кг;
      4 және одан да көп мүшелері бар отбасыларға 1 үлкен газ баллон салмағы 20 кг;
      9. Жалға алған тұрғын үй шығынына айына 1000 теңге;
      10. Канализация, күл-қоқыс шығындары;
      Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 10 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.

4. Тиісті құжаттардың тізбесі

      Тұрғын үй көмегіне өтініш жасағанда келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      1. Өтініш.
      2. Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      3. Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 200 жылғы тоқсанда тапқан табысы туралы мәліметтер;
      4. Тұрғын үйді мемлекеттік тіркеу куәлігі немесе жалға алу келісім шарты.
      5. Жұмыссыздар уәкілетті органдарынан жұмыссыздығы жөнінде анықтама.
      6. Жұмыспен қамту бөлімшесіне тіркелмеген азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтығаны жөнінде жазбаша тілхат тапсырады.
      7. Отбасы мүшелерінің еңбек кітапшаларының, төлқұжаттың, СТН, ЖӘК көшірмелері.
      8. Отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, азаматтардың хал актілерін жазатын органнан қайтыс болғандығы туралы берілген құжаттың көшірмесі.

5. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі.

      
      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді тұрғын үй иесінің, үйді жалға алушының жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде бюджетте қаралған сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Ауылдық (селолық) жерлерден өтініштерді ауыл (село әкімі) жанынан құрылған учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушілерден және учаскелік комиссиялардан олардың қорытындысымен бірге өтініштерді қабылдап, 10 күн ішінде қарап, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажет болған жағдайда тиісті заңды және жеке тұлғалардан, учаскелік комиссиядан өтініш беруші үміткердің табысы туралы мәліметті сұратады.
      4. Ұсынылған құжаттардың негізінде, отбасына келісім шарт жасалынып, оған есептелінген көмек есебі енгізіледі. Келісім шарт екі данада жасалынып, оның біреуі тұрғын үйді жалға алушыда (меншік иесінде) сақталады.
      Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жалған мәліметтерді әдейі бергені, соның әсерінен жоғары немесе заңсыз өтемақы тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) көмек алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған
сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға шиеленісті даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу арнайы комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.

6. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері

      
      1. Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына Қазақстан Республикасы "Неке жене отбасы туралы" Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір
рет есеппен төлейтіндер.     
      2. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
      әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
      бас бостандығынан айрылғандар;
      интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      мемлекеттің қамсыздандыруындағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
      3. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруы қажет;
      4. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай түрде алынған барлық табыстың түрлері есептелінеді;
      1) жалақы түріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен сыйақы қосымша ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын, ұйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
      2) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталықтан мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, кәсіпорын қорларынан төленетін зейнетақылар; шәкіртақылар; мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; бұрынғы белгіленген жеңілдіктер орнына арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; қаржыландыру көзіне байланыссыз жәрдемақылардың басқа түрлері; өтемақылар және әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері.
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
      4) денсаулығына келтірілген зардаптармен және басқа зақымдар шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар;
      5) жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстар;
      6) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен алынған.
      7) азаматтардың өз еркімен көрсеткен басқа да табыстары.
      8) табыстың өзге түрі, өзін-өзі жұмыспен қамтығаны жөніндегі жазбаша тілхатпен расталады.
      9) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
      10) бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;

7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      
      1. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
      2. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік - нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау мен басқа уәкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
      3. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жауап береді.

8. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау

      1. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау құқығы бюджет мүмкіндігіне қарай жергілікті уәкілетті органдарға беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады