Ескерту. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.23 № 333 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық 1994 жылғы 27 желтоқсандағы кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.04.24 № 1291 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Коммуналдық объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 231 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық тізілімде N 2011 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетелген қаулымен бекітілген, Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру ңұсқаулығында:
бірінші абзацта 7 бөлімнің 51 тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар жалгерлік төлемнен босатылады.".
2. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларын қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы М. Бортник