2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 281 шешімі. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 11-2-99 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы  "Қазақстан Речспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"заңдарына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
      2. Шақыру учаскесі қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің базасында ұйымдастырылсын.
      3. Село, ауыл әкімдері және ұйым басшыларына:
      - 1992 жылы туылған және бұдан бұрын тексеруден өтпеген азаматтардың қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
      4. "Жаңаөзен қалалық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына /С.Бекназаров/, "Жаңаөзен қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына /К.Кушекбаев/ төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын.
      1) 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман дәрігерлерді қатыстыру;
      2) 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
      3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман джәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
      4) созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулермен диспансерлік бақылау мәліметтерін;
      5) дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2009 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізу.
      5. Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөліміне /Қ.Еламанов/ төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      - азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды қадағалау және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қатамасыз ету.
      6. Жаңаөзен қалалық білім бөлімі /Қ.Боранбаева/ орта және арнаулы білім беру мекемлерінің басшылары 1992 жылы туылған жасөспірімдердің тіркеуге толық қатысуын қамтамасыз етсін.
      7. Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі /Р.Жантлеуова/ азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды 2009 жылға арналған қалалық бюджетте қаралған қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
      8. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларлы Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы хабарламаны қала әкіміне жазбаша түсіру қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне /Д.Қоңқаев/ ұсынылсын.
      9. Осы шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Қала әкімі                              Ж.Бабаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады