Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңдарына сәйкес және Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 03 наурыздағы N 46 - Қ «Мұнайлы аудандық халықты жұмыспен қамтудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс - шаралар жоспары туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі және еңбек ақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.
3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім О. Қазақбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ж.К.Тұманбаева
22 желтоқсан 2008 жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
22 желтоқсандағы 2008 жыл
N 243 қаулысына
қосымша
2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесі және еңбек ақы мөлшері.
N |
Мекемелер атауы |
Әлеумет- тік жұмыс орын (адам) |
Ең төменгі еңбек ақысы |
Жұмыс мерзі-мі |
Қаржы- ландыру көзі |
1 |
«Казпочта » Акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы |
10 |
1,0 |
1 жылға дейін |
Аудандық бюджет |
2 |
«Мұнайлы-Тұрмыс» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
5 |
1,0 |
1 жылға дейін |
Аудандық бюджет |
3 |
«Маңғыстау-жылу» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
5 |
1,0 |
1 жылға дейін |
Аудандық бюджет |
4 |
«Маңғыстау энерго» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
2 |
1,0 |
1 жылға дейін |
Аудандық бюджет |
5 |
«Ауыл газ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
1 |
1,0 |
1 жылға дейін |
Аудандық бюджет |
6 |
Маңғыстау селолық ауруханасы |
2 |
1,0 |
1 жылға дейін |
Аудандық бюджет |
Барлығы: |
25 |