Мұнайлы аудандық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемді тағайындау және көрсету туралы" 2007 жылғы 11 қазандағы N 2/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 ақпандағы N 4/52 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 20 наурызда N 2006 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 27/276 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2010.07.27 № 27/276 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы " және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қазандағы N 2/25 шешіміне, (N 1985 тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 29 қарашадағы N 198-199 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген 1-ші қосымша кестесінің 4-ші реттік нөмірінің 1-ші бағаны мынадай редакциямен: Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне (9 мамыр);
      2-ші бағаны мынадай редакциямен: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен, медальдерімен марапатталған тұлғалар; 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде 6 ай тылда жасаған жұмысы туралы мұрағаттан анықтамасы немесе еңбек кітапшасында жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне; Ұлы Отан соғысында қаза болған,өлген,хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлері; Ленинград қоршауының тұрғындары; Фашистік концлагерлер тұтқындары; Ауған соғысының мүгедектері; Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер; Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасы; ЧАЭС мүгедектері; ЧАЭС мүгедектеріне теңестірілгендер; ЧАЭС зардабын жоюға қатысушылар сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                               Б.Қайыров

      Аудандық мәслихат хатшысы                     Б.Назар

       КЕЛІСІЛДІ
      "Мұнайлы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы
      ________________ Ж.Тұманбаева
      "____" ___________ 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады