"Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 96 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 12 наурызда 3614 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 253 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.06.10 № 253 қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы"»Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының  9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің  үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына орай Қостанай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімінің 
        міндетін атқарушы 

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ 

Әкімдіктің         
2008 жылғы 30 қаңтардағы    
N 96 қаулысымен бекітілген  

"Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті 
гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу"»мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты

  1. Жалпы ережелер 

      1. Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу - мүгедектерге есту қабілетінің кемістіктерін түзеу және қалпына келтіруге арналған техникалық құралдар; көру қабілетінің кемістіктерін түзеу және қалпына келтіруге арналған техникалық құралдар; мүгедектердің табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер беру бойынша әлеуметтік көмектің мамандандырылған түрін көрсету үшін құжаттарды ресімдеу.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 22-бабы ;
      2) "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) 
құралдармен қамтамасыз ету  Ережелерінің 55-57, 59 66,    78,   82-84,   90, 94,   101-тармақтары негізінде көрсетіледі. 
      4. Мемлекеттік қызмет аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) арқылы көрсетіледі. Бөлімдердің толық атауы, олардың мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нысаны мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет мынадай жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі:
      1) сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
      1, 2, 3-топтағы мүгедектер;
      мүгедек балалар;
      денсаулыққа зиян келтірген үшін жауапты болып танылған жұмыс берушінің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның) қызметі заңмен белгілеген тәртіппен тоқтатылған жағдайда, еңбек жарақатынан (кәсіптік аурудан) мүгедектер.
      2) тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
      1, 2-топтағы мүгедектер;
      мүгедек балалар;
      денсаулыққа зиян келтірген үшін жауапты болып танылған жұмыс берушінің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның) қызметі заңмен белгілеген тәртіппен тоқтатылған жағдайда, еңбек жарақатынан (кәсіптік аурудан) мүгедектер.
      3) міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер, сонымен қатар мүгедек балалар;
      денсаулыққа зиян келтірген үшін жауапты болып танылған жұмыс берушінің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның) қызметі заңмен белгілеген тәртіппен тоқтатылған жағдайда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж еңбек жарақатынан (кәсіптік аурудан) мүгедектер.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақытты шектеу мерзімі:
      1) қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:
      сурдотехникалық (есту аппараттарынан басқа) тифлотехникалық құралдарын беру, көрсетілген құралдарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, өтініш беруші тапсырған құжаттар тіркелген кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Көрсетілген құралдарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмаса, азаматтың өтініші, оның соңғы орындалуына дейін, қосымша бақылауға қойылады;
      міндетті гигиеналық құралдарын беру, көрсетілген құралдарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, өтініш беруші тапсырған құжаттар тіркелген кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Көрсетілген құралдарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмаса, азаматтың өтініші, оның соңғы орындалуына дейін, қосымша бақылауға қойылады; 
      есту аппараттарын беру, көрсетілген құралдарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, өтініш беруші тапсырған құжаттар тіркелген кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Көрсетілген құралдарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмаса, азаматтың өтініші, оның соңғы орындалуына дейін, қосымша бақылауға қойылады; 
      2) өтініш беруші тапсыратын қажетті құжаттарды тіркегенде, электрондық сұратуды қалыптастырғанда кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты 40 минуттан аспайтын уақытты құрайды; 
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алғанда кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты 40 минуттан аспау. 
      8. Қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында, және Бөлімдердің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі. 
      11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен қажетті құжаттарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар көзделген. Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар. 

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар тапсыру қажет:
      1) сурдотехникалық құралдарды беру үшін:
      өтініш;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (үзіндінің көшірмесі);
      жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін - туу туралы куәлігі, ата-ананың біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаты; 
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін - белгіленген үлгідегі куәлігі;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін - өтініш берушінің тұратын жері бойынша медициналық ұйымымен берілетін, есту аппаратын беру қажеттілігі туралы медициналық ұйымның қорытындысы;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - жеңілдіктерге құқығы бар белгісімен зейнеткерлік куәлігі;
      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін - зейнеткерлік куәлігі;
      еңбек жарақатынан (кәсіптік аурудан) мүгедектер үшін - өндірісте апатты жағдайға ұшыраған туралы акті және денсаулыққа зиян келтірген үшін жауапты болып танылған жұмыс берушінің қызметін тоқтату жөніндегі анықтама; 
      2) тифлотехникалық құралдарды беру үшін: 
      өтініш;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (үзіндінің көшірмесі);
      мүгедектік туралы анықтама;
      жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін - туу туралы куәлігі, ата-ананың біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаты; 
      еңбек жарақатынан (кәсіптік аурудан) мүгедектер үшін - өндірісте апатты жағдайға ұшырағаны туралы акті және денсаулыққа зиян келтірген үшін жауапты болып танылған жұмыс берушінің қызметін тоқтату жөніндегі анықтама; 
      3) міндетті гигиеналық құралдарды беру үшін: 
      өтініш;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (үзіндінің көшірмесі);
      мүгедектік туралы анықтама;
      жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін - туу туралы куәлігі, ата-ананың біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаты; 
      еңбек жарақатынан (кәсіптік аурудан) мүгедектер үшін - өндірісте апатты жағдайға ұшырағаны туралы акті және денсаулыққа зиян келтірген үшін жауапты болып танылған жұмыс берушінің қызметін тоқтату жөніндегі анықтама; 
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері бірге ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берушілердің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдер беретін нысан бойынша арыз толтыру қажет. 
      14. Өтініш беруші толтырған арыз барлық қажетті құжаттармен тұрғылықты жеріндегі Бөлімге тапсырылады. Бөлімдердің мекенжайлары және веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Қабылданған құжаттардың күні және олардың тізбесі көрсетілген үзбелі талон, өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын дәлелдейді.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылу мүмкін, егер: 
      оңалтудың жеке бағдарламасының қолдану мерзімі аяқталған болса;
      денсаулыққа зиян келтірген үшін жауапты болып танылған жұмыс берушінің қызметі заңмен белгілеген тәртіппен тоқтатылмаған жағдайда, еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедектер; 
      осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірі болмаса. 

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Бөлім қызметі:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты сақтау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;
      6) белгіленген уақытта өтініш беруші алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

  4. Жұмыс нәтижесі

      19. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Бөлімдердің және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінде алуға болады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. 
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне беріледі. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
      23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
      Шағымды қабылдау, өтініш берушіге шағымды қабылдап алған адамның тегі, аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны көрсетілген талон беріледі.

  6. Байланыс ақпараты

      24. Бөлімдердің және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:
      1) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
      2) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, орналасқан жері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің телефондары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдау мен жұмыс кестесі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ғимараттардың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.
      25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты өтініш беруші «"Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Департамент) алады. 
      Департаменттің мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы social@kostanay.kz, oblsots@mail. ru., Қостанай облысы әкімінің веб-сайты www.kostanay.kz электрондық қызметтер - www.e.kostanay.kz, байланыс телефоны: 8 (7142) 500616.

"Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен 
және міндетті гигиеналық құралдармен 
қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар  
ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету 
Стандартына 1-қосымша         

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) 
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 
Бөлімдерінің байланыс деректері

Бөлімдердің атауы

Заңды мекенжайы, телефондардың нөмірлері және Бөлімдердің 
бастықтары мен олардың 
орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері

Веб-Сайт

Электрондық пошта

1

"Алтынсарин ауданы кімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"  мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

110101, Алтынсарин ауданы, 
Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-20, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін, бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден12.00-ге дейін 

http://altynsar.kostanay.kz/rus/

sobes_ubaganskoe@gcvp.kz

2

"Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Майлин көшесі, 18, телефон нөмірі 8-(71440)-21-5-92, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың 
орынбасарының азаматтарды 
қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://amangeldy.kostanay.kz/

Sobes_amngeldy@gcvp.kz

3

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

110400, Әулиекөл ауданы, 
Әулиекөл селосы, Октябрьский көшесі, 24, телефон нөмірі 8-(71453)-21-0-76, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін бастықтың 
орынбасарының азаматтарды 
қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

http://auliekol.kostanai.kz/

aulsots@mail.ru

4

"Жангелдин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Амангелді көшесі, 38, телефон нөмірі 8-(71439)-21-5-60, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың 
орынбасарының азаматтарды 
қабылдау кестесі: жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

http://jangeldy.kostanay.kz/

djansots@mail.ru

5

"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 6, телефон нөмірі 8-(71434)-9-13-44, бастықтың азаматтарды 
қабылдау кестесі: жұма сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://denisovka.kostanay.kz/

densots@mail.ru

6

"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Асанбаев көшесі, 51, телефон нөмірі 8 (71435)-2-33-70, бастықтың азаматтарды 
қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың 
орынбасарының азаматтарды 
қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://zhitikara.kostanai.kz/

jitsots@mail.ru

7

"Қамысты аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ленин көшесі, 22, телефон нөмірі 8-(71437)-21-8-49, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі және бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

http://www.kamysti.kostanai.kz/

kamsots@mail.ru

8

"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті,  Космонавтов көшесі, 16, телефон нөмірі 8 (71441)-3-29-48, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін, жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://www.karabalyk.kostanai.kz/

karasots@mail.ru

9

"Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111000, Қарасу ауданы, Қарасу селосы, А. Исаков көшесі, 68, телефон нөмірі 8 (71452)-21-0-59, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

http://karasu.kostanai.kz/

karusots@mail.ru

10

"Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Казахская көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-95, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 14.00-ден 7.30-ға дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: жұма сағат 14.00-ден 17.30-ға дейін

http://www.kostregion.kz/

Sobes_zatobolsk@gcvp.kz

11

"Мендіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 7, телефон нөмірі 8-(71443)-2-23-02 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

http://mendikara.kostanay.kz/

Sobes_borovskoi@gcvp.kz

12

"Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағрламалар бөлімі" ММ

111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Абай көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71454)-2-17-87 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

http://naurzum.kostanay.kz/

sobes_karamendy@gcvp.kz

13

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 104, телефон нөмірі 8-(71451)-21-9-48 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін бастықтың орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

http://sarykol.kostanay.kz/

sarsots@yandex.ru

14

"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71436)-3-67-08 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың  орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге  дейін

http://taran.kz/

zagita@mail.ru

15

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Абылайхан көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71444)-2-16-33 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және бейсенбі сағат  14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін 

http://uzunkol.kostanay.kz/

sobes_uzunkol@gcvp.kz

16

"Федоров аудандық  жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейский көшесі,  53, телефон нөмірі 8-(71442)-21-9-96, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі,  сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін 

http://fedorovka.kostanay.kz/

fedsots@mail.ru

17

"Арқалық қалалық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдар-ламалар бөлімі" ММ

110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62,телефон нөмірі 8-(71430)-7-09-12, бастықтың азаматтарды 
қабылдау кестесі: сәрсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін

http://www.arkalyk.kz/

sobes_arkalyk@gcvp.kz

18

"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі,  36, телефон нөмірі  8-(7142)-50-08-26, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://www.kostanay.info/

gorsob@mail.ru

19

"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111200, Лисаков қаласы, 4 ағын аудан, 37А»үй, телефон нөмірі 8-(71433)-3-21-71, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың  орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін       

http://www.lsk.kz/

lissoc@mail.ru

20

"Рудный қалалық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

111500, Рудный қаласы, Пионерский көшесі,  21, телефон нөмірі  8-(71431)-4-40-75, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

http://www.rudny.kz/

rudsots@mail.ru

"Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен 
және міндетті гигиеналық құралдармен 
қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар  
ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету 
Стандартына 2-қосымша        

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік маңызы

Келесі жылы көрсеткіштің нысаналы маңызы

Есептік жылы көрсеткіштің ағымдағы 
маңызы

1

2

3

4

1. Уақытылылық

1.1. Құжат тапсырылған уақыттан бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайы

90

95

90

1.2. Кезекте 40 минуттан аспай қызмет көрсетілуін күткен тұтынушылардың % (үлесі)

80

85

81

2. Сапа

2.1. Тұтынушылар 
қызмет көрсету процесінің сапасына 
қанағат ету % (үлесі)

89

90

89

2.2. Лауазымды тұлғамен құжаттарды дұрыс толтыру 
(жасалған есептеу, есеп айырысу және тағы басқа) жағдайлар % (үлесі)

85

90

85

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібі туралы ақпаратпен 
қанағаттанған  тұтынушылар % (үлесі)

80

85

80

3.2. Тұтынушының 
құжаттарды дұрыс  толтыру және бірден тапсыру жағдайының 
% (үлесі)

80

85

79

3.3. Интернет арқылы 
қол жететін ақпарат беру қызметінің % (үлесі)

40

45

30

4. Шағым беру үдерісі

4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына дәлелді шағымдар % (үлесі)

0,5

0,2

0,1

4.2.Белгіленген мерзімде қаралып, 
қанағаттандырылған дәлелді шағмдар % (үлесі)

89

95

89

4.3. Тұтынушылардың 
қолданыстағы шағым беру тәртібіне 
қанағат ету % (үлесі)

90

95

85

4.4. Тұтынушылар шағым беру мерзіміне 
қанағат ету % (үлесі)

88

90

89

5. Сыпайылық

5.1. Тұтынушылардың 
персоналдың сыпайылығына қанағат ету % (үлесі)

89

90

88

"Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен 
және міндетті гигиеналық құралдармен 
қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар  
ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету 
Стандартына 3-қосымша         

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкімдіктерінің  байланыс деректері

Аудандардың  (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің атауы 

Орналасқан жері мен телефондардың нөмірлері

Веб-Сайт

Электрондық пошта

1

Алтынсарин ауданының әкімдігі 

110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-78

http://altynsar.kostanay.kz/rus/

altynsar@kostanay.kz

2

Амангелді ауданының әкімдігі

110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 19, телефон нөмірі 8-(71440)-21-4-00 

http://amangeldy.kostanay.kz/

amangeldy@kostanay.kz

3

Әулиекөл ауданының әкімдігі

110400, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл селосы, 1 Май көшесі, 44 үй, телефон нөмірі 8-(71453)-21-0-33 

http://auliekol.kostanai.kz/

auliekol@kostanay.kz

4

Жангелдин ауданының әкімдігі

110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Алтынсарин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71439)-21-1-07

http://jangeldy.kostanay.kz/

jangeldy@kostanay.kz

5

Денисов ауданының әкімдігі

110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71434)-9-15-01

http://denisovka.kostanay.kz/

denisovka@kostanay.kz

6

Жітіқара ауданының әкімдігі

100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй, телефон нөмірі 8 (71435)-2-00-02

http://zhitikara.kostanai.kz/

zhitikara@kostanay.kz

7

Қамысты ауданының әкімдігі

110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ержанов көшесі, 61 үй, телефон нөмірі 8-(71437)-21-7-44

http://www.kamysti.kostanai.kz/

kamysty@kostanay.kz

8

Қарабалық ауданының әкімдігі

110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31, телефон нөмірі 8 (71441)-3-35-70

http://www.karabalyk.kostanai.kz/

karabalyk@kostanay.kz

9

Қарасу ауданының әкімдігі

111000, Қарасу ауданы, Қарасу  селосы, А. Исаков көшесі, 73, телефон нөмірі 8(71452)-21-2-80 

http://karasu.kostanai.kz/

karasu@kostanay.kz

10

Қостанай ауданының әкімдігі

111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-05 

http://www.kostregion.kz/

kost_region@kostanay.kz

11

Мендіқара ауданының әкімдігі

111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Королев көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71443)-2-16-06

http://mendikara.kostanay.kz/

mendikara@kostanay.kz

12

Науырзым ауданының әкімдігі

111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Жәнібек көшесі, 1, телефон нөмірі 8-(71454)-2-14-85

http://naurzum.kostanay.kz/

naurzum@kostanay.kz

13

Сарыкөл ауданының әкімдігі

111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71451)-21-7-90 

http://sarykol.kostanay.kz/

sarykol@kostanay.kz

14

Таран ауданының әкімдігі

111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 60, телефон нөмірі 8-(71436)-3-71-45

http://taran.kz/

taranovka@kostanay.kz

15

Ұзынкөл ауданының әкімдігі

111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Мүсірепов көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71444)-2-13-90

http://uzunkol.kostanay.kz/

uzunkol@kostanay.kz

16

Федоров ауданының әкімдігі 

111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Калинин көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-2-13-04

http://fedorovka.kostanay.kz/

fedorovka@kostanay.kz

17

Арқалық қаласының әкімдігі 

110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, телефон нөмірі 8-(71430)-7-12-00

http://www.arkalyk.kz/

arkalyk@kostanay.kz

18

Қостанай қаласының әкімдігі

110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, телефон нөмірі 8-(7142)-57-57-65

http://www.kostanay.info/

gorakimat@kostanay.kz 

19

Лисаков қаласының әкімдігі

111200, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 32, телефон нөмірі 8-(71433)-3-45-76  

http://www.lsk.kz/

lisakovsk@kostanay.kz

20

Рудный қаласының әкімдігі

111500, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93, телефон нөмірі 8-(71431)-4-53-31

http://www.rudny.kz/

rudny@kostanay.kz

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады