Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 112 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 21 тамызда № 3651 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 31 шілдедегі № 222 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2009.07.31 № 222 шешімімен, ҚР Үкіметінің 2006.08.25 № 817 қаулысымен бекітілген сәйкес "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу ережелерінің" 3-тармағына.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 92-бабы 2-тармағына сәйкес Қостанай облыстың мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер асты және жер бетіндегі су объектілерінен су алу ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті, бесінші
      сессияның төрағасы                         Е. Аманжолов

      Қостанай облыстың
      мәслихатының хатшысы                       Ғ. Сағиев

Бекітілген         
Қостанай облыстық мәслихатының
2008 жылғы 11 шілдедегі  
№ 112 шешімі       

Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен
және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер асты
және жер бетіндегі су объектілерінен су алудың
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер асты және жер бетіндегі су объектілерінен су алудың осы ережесі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер асты және жер бетіндегі су объектілерінен су алудың шарттары мен тәртібін белгілейді.
      2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін мынадай су тарту құрылыстары пайдаланылады: су мұнарасы бар ұңғымалар (тарату желілері жоқ), шахталық және құбырлы құдықтар, бұлақтардың шегендеу құрылыстары.
      3. Ережеде мынадай түсініктер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) су тарту құрылысы - су объектiлерiнен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешенi;
      2) тегеурінді су мұнарасы - суға арналған жасанды тіреу құрылмадағы тегеурінді резервуар;
      3) шахта құдығы - сумен жабдықтау мақсатында жерасты суларын алу үшiн құрылған тереңдiгi көлденең кесiктен үлкенiрек тiк тау-кен қазындысы;
      4) құбырлы құдық - қапталы құбырмен бекітілген цилиндрлі тік каналдар түріндегі суды тартуға арналған құрылыс;
      5) шегендеу құрылысы - табиғи шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетiне шығарылуын қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрылыс;
      6) ұңғыма - жер асты суларын жер бетіне шығаруға арналған қондырғы;
      7) бұлақ - жер асты суларының жер бетіне табиғи, шоғырланып шығуы.
      4. Халықтың орталықтандырылмаған суды пайдалануы жүзеге асырылады:
      1) тәулігіне 50 текше метрге дейін көлемде ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су көздерін пайдаланатын жеке тұлғалармен;
      2) тәулігіне 50 текше метрге дейін көлемде халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалармен;
      5. Су объектiлерiнен тәулiгiне 50 текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға лицензияны немесе рұқсат алуды талап етпейдi.

2. Орталықтандырылмаған су пайдалану тәртібі
мен оны пайдалану кезінде қойылатын талаптар

      6. Ұңғымаларды, құдықтарды және бұлақ шегендеуін салуға орын тандау белгіленген тәртіптен геологиялық және гидрогеологиялық мәліметтер негізінде жүргізілуге тиіс.
      7. Құдықтарды, бұлақ шегендеуін құруға арналған орын бұрыннан бар және мүмкін болатын ластау көздерінен: әжетханалардан, қоқыс төгетін шұңғырлардан, тыңайтқыш және улы химикаттар қоймаларынан, өнеркәсіп ұйымдарынан, ескі иесіз құдықтардан, мал аулаларынан жер асты сулары ағыны ластанбаған учаскеде таңдалуы қажет.
      8. Су тарту құрылыстарын тасқын су басатын учаскелерде, ойпатты, батпақты жерлерде, сырғымаға және топырақ өзгерісінің басқа да түрлеріне тап болатын жерлерде орналастыруға тыйым салынады.
      9. Құдықтар тұрғын үйлерден 100 метрден алыс емес жерде орналасуы қажет.
      10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған су тарту құрылыстарын жабдықтау барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген материалдар, реагенттер мен кіші габаритті тазарту құрылғылары пайдаланылуы қажет.
      11. Ұңғымаларды құру және бұрғылау қазіргі құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.
      12. Ұңғыма конструкциясы су дебитінің өлшеуін, сынаманың іріктеуін және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруі қажет.
      13. Ұңғыма сағасы жер бетіндегі павильонда немесе жер асты камерада орналасуы қажет. Олардың ұзындығы кемінде 2,4 метр болуы тиіс. Құбырдың пайдаланылатын колоннасының жоғарғы бөлігі еден үстінен кемінде 0,5 метрге шығуы қажет.
      14. Жақын маңдағы аумақта ұңғыманың санитарлық қорғау аймақтары қарастырылуы және жер асты суларын ластанудан қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі қажет.
      15. Құбырлы құдықтарды салу үшін су өткізбейтін жыныстармен қорғалған сулы қабатарды пайдалану қажет.
      16. Шахталық құдық бірінші тегеурінсіз сулы қабаттан су алу үшін құрылады. Құдық дөңгелек немесе төрт бұрыш нысандағы шахта болып табылады, оған баулық, бағана және су қабылдауыш бөлігі кіреді. Баулық жер үстінен кемінде 0,7-0,8 метрде орналасуы қажет және оның қақпағы немесе люгі бар темірбетондық аражабыны болуы керек. Құдықтың жер бетіндегі барлық бөлігі қалқамен немесе күркемен жабылады. Құдық бас бөлігінің айналасында иленген және тығыздалған саздан немесе майлы саэдақтан терендігі 2 м және ені 1 м нығыздалған болу керек. Құдық айналасында тастан құдықтан 0,1 метр еңісінде орналасқан кемінде 2 метр радиустағы тастан немесе бетоннан жасалған төсенішпен жабдықталуы қажет. Төселген суды құдықтан әрі қарай әкетуіне арналған жыра жасалады. Құдықтың айналасы қоршалуы және оның жанында шелектер үшін орындық орнатылуы тиісті.
      17. Шахтаның қабырғалары берік, құдықтың беткі ағындысынан және қалқыма сулардан оқшаулайтын болуы қажет.
      18. Құдықтың қабырғаларын қаптау үшін бетон сақиналар, кірпіш, ағаш қолданылады. Шегендерді салу барысында қалыңдығы кемінде 15 сантиметр бірене түріндегі ағаш түрлері тандалады. Орман материалдары - қабықтан тазартылған, терең жарықшағы мен жаралары жоқ, уақ санырауқұлақ жұқтырылмаған, 6 ай бұрын әзірленген болуы керек.
      19. Құдыққа (шегендеуге) 20 метрге жағын радиуста кір, машина жууға, мал суаруға тыйым салынады. Құдықтан су алу үшін қоғамдық шелектер, сорғылар пайдаланылуы қажет.
      20. Жылына кемінде бір рет құдыққа (шегендеуге) тұнбаланудан және жыныс тасындыларынан тазарту, бекініске ағымдағы жөндеу жүргізілуі қажет. Әрбір тазартудан, жөндеуден кейін дезинфекциялау жүргізілуі керек. Тазарту, жуу және дезинфекциялаудан кейін акт жасалады. Дезинфекция үшін Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген заттар пайдаланылуы қажет.
      21. Құдықтардағы және бұлақтар шегендеуіндегі су өзінің құрамы мен қасиеті, ауыз су сапасы санитарлық нормалар мен ережелері бекітілген "Ауыз су санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 147 Бұйрығына сәйкес болуы қажет.
      22. Суы ішуге жарамайтын құдықтарды жою қажет.

3. Тіркеу үшін қажетті құжаттар

      23. Тәуілігіне 50 текше метрге дейін көлемде өз мұқтаждығы үшін ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған су көздерін пайдаланатын жеке тұлғалар су пайдалану объектілерін тіркеу үшін Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына:
      1) өтініш;
      2) су тарту құрылысының орнын көрсететін жер учаскесі жоспарының көшірмесін тапсырады.
      24. Тәулігіне 50 текше метрге дейін көлемде халықты орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) су тарту құрылысы орналасатын орынның ахуалдық схемасы;
      3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы нотариалды куәландырылған куәліктің көшірмесі);
      4) жер асты немесе жер бетіндегі су тартуды жүргізетін құрылыстар мен техникалық құрылғылар орнына жер телімін бөлу актісінің көшірмесі (жалдау шарты, әкімнің шешімі);
      5) су шаруашылығы құрылысының немесе құрылғы паспортының көшірмесі;
      6) дербес өндірістік зертханасы бар болса-бактериологиялық санитарлық-химиялық зерттеулер жүргізу саласында санитарлық-гигиеналық, эпидемиологияға қарсы қызмет лицензияның көшірмесі; зертханалық зертеуді басқа зертханаларда жүргізген жағдайда-зертханалық зерттеуді жүргізу шартының көшірмесі және осы зертхананың көрсетілген қызмет түріне лицензиясының көшірмесі;
      7) сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын және шаруашылықтың-ауыз су құбырларын ұстаудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес санитарлық қорғау аймақтарының ахуалдық жоспар көшірмесі.
      25. Су тарту құрылыстары міндетті түрде су тартуды есептеу құралдарымен жабдықталуы қажет, жабдықтар мен аппаратуралар міндетті түрде мемлекеттік аттестаттаудан өтуге тиіс, су көздерінен нақты су тарту туралы есеп белгіленген мерзімдерде су қорларын пайдалану және қорғау саласындағы Бассейн басқармасына жыл сайын тапсырылуы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады