2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 548 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 19 желтоқсанда № 3663 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 08-08/3045 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.10 № 08-08/3045 хатымен.
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ      

Әкімдіктің       
2008 жылғы 14 қарашадағы 
N 548 қаулысына қосымша  
 

2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен
ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:       
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімшенің, зертхананың басшысы;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) тәрбиеші;
6) емдәм бикесі;
7) тіс дәрігері;
8) тіс технигі;
9) мейір бике;
10) медициналық статистик;
11) медициналық зертханашы;
12) провизор;
13) психолог;
14) рентген зертханашысы;
15) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
16) фармацевт;
17) фельдшер (-зертханашы);
18) дәріхана меңгерушісі.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық сараптама орталағы филиалының басшысы;
2) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
3) фельдшер (-зертханашы);
4) медициналық статист;
5) дезинструктор.

3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) интернат директоры;
2) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
3) медициналық бике;
4) зертханашы;
5) емдәм бикесі;
6) мәдени ұйымдастырушы;
7) жұмысшыларды даярлау жөніндегі нұсқаушы.

4. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері;
2) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдарының директоры (меңгерушісі);
3) балалар үйінің, ата-аналардың қамқорлығынан қалған жетім – балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттың, балалар мен жасөспірімдерге арналған баспананың директоры (меңгерушісі);
4) дене тәрбиесінің басшысы;
5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
6) ғылыми, оқу, оқу - өндірістік, оқу – тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейінді оқыту жөніндегі, жалпы білім беретін мектептер, мектеп – интернаттар мен бастауыш орта және кәсіптік орта, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарының ақпараттық технологиялары жөніндегі директордың орынбасары;
7) білім беру ұйымдарындағы бөлімше меңгерушісі;
8) әлеуметтік педагог;
9) педагог-ұйымдастырушы;
10) қосымша білім беру педагогы;
11) педагог-психолог;
12) орта кәсіптік оқу мекемелерінің оқытушысы;
13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
14) музакалық жетекші;
15) аға жетекші;
16) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
17) психологтік – педагогикалық кеңес меңгерушісі;
18) лагерь бастығы (қорғаныс – спорттық, сауықтыру, мектептік, еңбек және демалыс);
19) оқушылардың кәсіби практикасының басшысы;
20) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
21) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
22) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
23) мәдени ұйымдастырушы;
24) аға әдістемеші, әдістемеші;
25) өндірістік оқыту шебері;
26) аға шебері;
27) аккомпаниатор;
28) концертмейстер;
29) студиялар, клубтар басшылары;
30) медициналық бике;
31) емдәм бикесі;
32) кітапханашы;
33) кітапхана меңгерушісі;
34) дәрігер;
35) сурдопедагог;
36) тифлопедагог;
37) психологтік – педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
38) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;
39) балетмейстер;
40) хормейстер;
41) жаттықтырушы-оқытушы;
42) жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдістемеші;
43) туризм жөніндегі әдістемеші - нұсқаушы;
44) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.

5. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
2) бөлімше басшысы;
3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің, қор қоймысының меңгерушісі;
5) сектор басшысы;
6) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, қоюшы суретші;
7) бейнеоператоры;
8) аға ғылыми қызметкері, кіші ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкер;
9) мұражайдағы бас күзетшісі, қор күзетшісі;
10) экскурсовод;
11) қараушы, мұражай қараушысы;
12) сақтау жөніндегі маман;
13) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;

6. Мұрағат мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме филиалының басшысы;
2) мұрағатшы;
3) археограф;
4) қор сақтаушы.

7. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) директордың, басшының оқу жұмысы жөніндегі орыннбасары;
3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші;
4) дәрігер;
5) медициналық зертханашы;
6) мейір бике;
7) әдістемеші;
8) психолог;
9) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады