Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігін тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 244 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-45, 2006 жылғы 19 мамырдағы N 54 "Қостанай" газеті, бұрын "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігін тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 244 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 321 шешімімен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-62, 2007 жылғы 19 маусымдағы N 48 "Қостанай" газеті) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолдансқа енгізілсін.
Сессияның төрағасы, N 13 сайлау
округі бойынша депутаты
Қалалық мәслихаттың хатшысы
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі
бірлігінің тіркелген жиынтық салығы ставкаларының
көлемі
Тіркелген жиынтық салық салу объектісі |
Бір жылға айлық есептік көрсеткіштері бойынша бір объектіге тіркелген жиынтық салығының ставкасы |
|
1 |
ойынды бір ойыншымен жүргізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы |
10 |
2 |
ойынды бір ойыншыдан көп ойыншының қатысуымен жүргізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы |
15 |
3 |
ойынды жүргізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
10 |
4 |
ойын жолы |
500 |
5 |
карт |
25 |
6 |
бильярд үстелі |
120 |