Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабы , Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30 , 33-баптарын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31 бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықталсын (қоса беріліп отыр).
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы
ұйымдардың басшылары орындалған жұмыстардың қаражатын қалалық бюджетке ай сайын аударсын. Орындалған жұмыстардың ақысы ұйымның қолданыстағы бағалары бойынша анықталсын.
3. "Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігнің 2008 жылғы 12 сәуірдегі N 975 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енеді.
Әкім
Әкімдігінің мүшелері
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай қаласы
әкімдігінің қаулысының
2008 жылғы 29 мамырдағы
N 1410 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды
2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың
тізбесі
р/с№ |
Кәсіпорын атауы |
Жұмыс түрлері |
1 |
"Тұрғын үй-эксплуатациялық |
аумақты көріктендіру; |
2 |
"СТИКС" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
аумақты көріктендіру; |