Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012.08.03 № 370 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 15, 16-баптары және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 248 "Үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (2006 жылғы 24 маусымдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-38) "Арқалық хабары" газетінің 2006 жылғы 7 маусымдағы 26 нөмірінде жарияланған, қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1-тармақтағы "үш есе" деген сөз "бес есе" деген сөзбен ауыстырылсын, "ай сайын" деген сөзден кейін "оқу жылы ішінде" деген сөз қосылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
Қала әкімі А. Мұхитбеков
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Сүлейменова