Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Аманкелді аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерге аудан бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде 48 (қырық сегіз) жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімі мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмыс орындарына квотаға сәйкес жолдамамен орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Аудан әкімі С. Ахметов