Кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуа құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық кызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 79 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 мамырда № 9-19-76 тіркелді. Байырғы мерзімінің өтуімен байланысты күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 08-1239 хатымен

      Ескерту. Байырғы мерзімінің өтуімен байланысты күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 09.06.2014 № 08-1239 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласынының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. "2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебіне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 264 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының
      әкімі                                      А. Сейфуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады