Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 ақпандағы № 63/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 26 наурызда № 3105 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 223/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2009.07.24 N 223/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының  2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 462 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерi көрсетiлген шешiмнiң қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Л. Белогривый

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Р. Гафуров

Павлодар облыстық мәслихатының  
2008 жылғы 20 маусымдағы VI сессиясының
Павлодар облысы мәслихатының     
2008 жылғы 29 ақпандағы "Павлодар облысы
бойынша 2008 жылға арналған қоршаған
ортаны қорғауға эмиссия үшін төлем
ставкалары туралы" N 63/4 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы N 104 шешіміне қосымша 

      Ескерту. Өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 2008.08.29. N 113/8 Шешімімен.

Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар
2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

NN  р/р

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қалдықтардың қауіптілік деңгейі

Ставка (теңге/ бірлігі)

1

2

3

4

5

1.

Ластаушы заттардың стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылары

Шартты тонна


1300,0

2.

Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден атмосфераға шығарындылары

Пайдаланылған отынның тоннасы   (бұдан әрі - тонна)



этилденбеген бензин үшін


445,0

Дизель отыны үшін


705,0

Сұйылтылған сығылған газ үшін


400,0

3.

Ластаушы заттардың төгінділері:

Шартты тонна




Су көздеріне 2


17 500,0


Жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне


10 500,0

4.

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар3

тонна


227,5

5.

Өнеркәсіптік қалдықтар




Өндіріс пен тұтынуды қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру

тонна

"қызыл тізім"

8 332,0

"янтарь тізімі"

4 166,0

"жасыл тізімі"

1 041,5

жіктелмегендер

521,0


Бұдан басқа:





Аршынды жыныстар 4

тонна


5,3


Байыту шлактары, шламдары, қалдықтары 4


54,7


Күл мен күлшлактары 4


220,0


Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары


256,0

6.

Радиоактивті қалдықтар:

Гигабеккерел




трансуранды қалдықтар


1 030,1


альфа-радиоактивті қалдықтар


515,0


бета-радиоактивті қалдықтар


52,1


Шынақты радиоактивті көздер


515,0

      Ескертпе:
      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставка мынадай коэфиценттер енгізіледі:
      1 коэффициент 0,75;
      4 коэффициент 0,75;
      2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелеріне:
      энергоөндіруші ұйымдар;
      коммуналдық қызмет көрсету кезінде пайда болған эмиссия көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне мынадай коэффициенттер енгізіледі:
      0,3 коэффициент 1 ;
      0,43 коэффициент 2 ;
      0,25 коэффициент 4 ;
 

      3) Қоршаған ортаның эмиссиясы үшін төлем ставкаларына тұрғындардан жиналған қатты - тұрмыстық қалдықтар көлеміне коммуналдық қалдықтарды орналастыруды іске асыратын полигондар үшін мынадай коэффициенттер егізіледі:
      3 коэффициент 0,2;
      4) егер де 1) және 2) тармақшаларына кәсіпорындардың төлем ставкасына жататын ескертуді 2) тармақшасының коэффициентін қолдануға болады.
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысымен бекітілген ерекше қорғалатын табиғат аумағы үшін қоршаған ортаның эмиссиясына бекітілетін төлем ставкалары жоғарғы төлем ставкалары жоғарғы төлем ставкаларын қолдансын.
      6) 1), 2), 3) тармақшаларда қаралған ескертпедегі жеңілдік коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссияның жоғары нормативтік көлемі үшін төлеміне қолданылмайды.
      Ескерту. Өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 2008.06.20. N 104/6 Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады