Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" N 738 қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Павлодар қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты" мен "Павлодар қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған N 2 мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемелерінде оқыған кезінде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығы берілсін.
2. Павлодар қаласының әкімдігіне осы шешімді іске асыру бойынша шара қолдану ±сынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастан қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Тупицын
қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лебедь