Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "ҚазПАС" ықшамауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
1. |
Береке |
бірінші көшеге, ұзындығы 1200 метр |
2. |
Ақтасты |
екінші көшеге, ұзындығы 600 метр |
3. |
Саялы |
үшінші көшеге, ұзындығы 700 метр |
4. |
Ырғайлы |
төртінші көшеге, ұзындығы 500 метр |
5. |
Жетіген |
бесінші көшеге, ұзындығы 800 метр |
6. |
Мәйекті |
алтыншы көшеге, ұзындығы 500 метр |
7. |
Теректі |
жетінші көшеге, ұзындығы 500 метр |
8. |
Қайыңды |
сегізінш көшеге, ұзындығы 400 метр |
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражат қарастырсын.
3. Түрксіб ауданының әкімі В.Устюговке, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ААҚ (келісім бойынша) көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
4. Түрксіб ауданының әкімі В.Устюговке осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
5. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
6. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімі А. Есімов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХІ сессиясының
төрағасы Т. Есполов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев