"Мамлют", "Смирнов", "Согров" мемлекеттік табиғи қорғалымдары (зоологиялық) аумағында шаруашылық қызметтерге шектеу қою туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қыркүйекте N 261 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 қазанда N 1691 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.04.2017 № 153 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 9) тармақшасы, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңының 68 бабы 1 тармағы негізінде, мемлекеттік табиғи қорғалымдардың мемлекеттік табиғи-қорықтық қорлары объектілерін сақтау, қайта қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мамлют", "Смирнов", "Согров" мемлекеттік табиғи қорғалымдары (зоологиялық) аумағында жер учаскелерінің жеке меншік иелері, жер пайдаланушылар және табиғат пайдаланушылар үшін шаруашылық қызметтерге келесі шектеулер енгізілсін:
      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің рұқсаты бойынша қасқыр аулаудан басқа аңшылыққа;
      әртүрлі айла-тәсілдермен жабайы жануарларды аулауға;
      15 тамыздан 15 қазанға дейін кәсіптік балық аулауға;
      өсімдіктердің және жануарлардың жаттұқымды түрлерін жерсіндіруге;
      жабайы жануарлардың ұяларын, ін-апандарын және басқа да мекендейтін жатақтарын бұзуға, жұмыртқаларын жинауға;
      экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін объектілерді жайғастыруға, салуға, пайдалануға беруге және жаңа технологияларды енгізуге.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Ескендіровке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады