Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйекте N 1514 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазанда N 13-1-129 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің»"Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1966 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-90, "Проспект СК"»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандары, "Қызылжар нұры"»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 саны) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) өтініш;
      2) жеке куәлік;
      3) салық төлеушінің тіркелу нөмірі берілгені туралы куәлік;
      4) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
      5) медициналық карта;
      6) амбулаторлық картаның көшірмесі;
      7) зейнеткерлік куәлік (зейнеткер жастағы тұлғалар үшін);
      8) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген тұлғалар мәртебесін растайтын куәлігі (Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген тұлғалар үшін);
      мүгедектер үшін қосымша:
      9) мүгедектігі туралы анықтамадан жазылған  үзінді көшірмесі;
      10) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазылған үзінді көшірмесі;
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін (жұманы қоса) сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй, N 10, N 11, N 12, телефондары: 34-45-70, 31-11-27."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                  Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады