Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Саяжай маусымы кезеңінде 1 мамырдан бастап 30 қыркүйек аралығында қалалық көлікте жүру үшін зейнеткерлерге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1965 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-99, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандары, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 саны) мынадай өзгерістер енгізілсін:
12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш бланкісі;
2) жеке басын куәландыратын құжаттар;
3) зейнеткерлік куәлік;
4) қалалық бағбандар қоғамы төрағасының қолы қойылған саяжай учаскесі бар болуы туралы анықтама;
5) есеп- шотына зейнетақы аударылатын жинақ кітапшасы.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.- ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің м.а. Т. Құлжанова