Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысының 2-тармағы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (А.В.Галиасқарова) осы қаулының Айыртау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын. бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.В. Кислинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш арнайы.жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Айнабеков
Айыртау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 01 шілдедегі
№ 172 қаулысымен бекітілген
«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1.Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама берудегі мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қамқоршылық және қорғаншылық органдары туралы Ережесінің 18-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен іске асырылады, заңды мекен жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27481, электрондық пошта мекені: asel55@yandex.ru.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет келесі тұлғалармен көрсетіледі:
1) 18 жасқа дейінгі балалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) 18 жасқа дейінгі балалары бар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар оралмандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қорғаншысы және қамқоршысы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілу келесі мерзімдерде ұсынылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 15 күннен аспауы тиіс.
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан аспауы тиіс.
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан аспауы тиіс.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы, және де оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ресми, жергілікті ақпарат стендтерінде орналасады, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электронды пошта мекен-жайы: asel55@yandex.ru.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету аптасына бес күн ұсынылады, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазбасыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
11. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі үй-жайы күту залымен, құжаттарды толтыру орнымен, қажетті құжаттар тізбесі қойылған стендтерімен және оларды толтыру үлгілерімен, нормалық құқықтық актілер үзінділерімен қамтамасыз етілген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар:
1) жеке тұлғаның өтініші;
2) жеке бастың куәлік құжаты (көшірмесі);
3) нәрестенің туу туралы куәлігі (көшірмесі);
4) заң бойынша мұра құқығы туралы куәлік немесе нәресте мүлігінің жеке меншігін немесе оның үлесін растайтын құжаттар;
5) тұрғын үй алаңына құжат (көшірмесі);
6) 10 жастағы және одан үлкен жастағы нәрестенің келісімі.
13. Қажетті бланктер «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электронды пошта мекен-жайы: asel55@yandex.ru.
14. Толтырылған құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкол селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электронды пошта мекен-жайы: asel55@yandex.ru.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, мемлекеттік қызметті тұтынушыға қабылдау күні және орындалу мерзімі, өтініш қабылдаған маманның фамилиясы, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
16. Өтініш беруші «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің мамандарымен телефон бойынша немесе жеке бару кезінде хабардар етіледі.
17. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
1) өтініш берушінің осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды толық бермеуі;
2) берілген құжаттардың сәйкессіздігі.
3. Жұмыс қағидалары
18. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік парызын орындаудағы заңдылыққа, мемлекеттік қызметкерлер ар-намыс Кодексіне негізделген және сыпайылық көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидасымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Үлгі стандарттағы қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет ұсыну жұмыс сапасы бойынша шағымдар болған жағдайда білім бөлімінің мамандарының іс-әрекетіне шағымдар беріледі:
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының атына, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461 электрондық пошта мекені: asel55@yandex.ru.
Аудан әкімінің атына, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Шоқан Уалиханов атындағы көшесі,44, телефон (871533)22648, электрондық пошта мекені: airtay-akimat@mail.kz.
«Солтүстік Қазақстан облысы білім департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысының атына, мекен-жайы: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, телефон (87152)463432, электрондық пошта мекені: obldosko@mail.kz.
22. Шағымдар пошта бойынша немесе жұмыс күндері қолма қол жазбаша түрде қабылданады:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына, заңды мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461 электрондық пошта мекені: asel55@yandex.ru.
2) жоғары тұрған мекемелерге:
«Солтүстік Қазақстан облысы білім Департаменте) мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,58 үй, телефон (87152) 463432, электрондық пошта мекені: obldosko@mail.kz.
3) «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Шоқан Уәлиханов атындағы көшесі, 44, телефон (871533) 22648, электрондық пошта мекені: airtay-akimat@mail.kz.
Таласты сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен реттеледі.
23. Шағымдар азаматтардың өтінішін есепке алу журналында тіркелінеді. Шағымдар заңда көрсетілген мерзімдерде қаралады, нәтижесі туралы өтініш берушіге почта бойынша немесе жеке бару кезінде жазбаша түрде хабар дар етіледі.
6. Байланыс ақпараты
24. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты мамандардың мекен-жайы:
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27156, электрондық пошта мекені: asel55@yandex.ru.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық пошта мекені:asel55@yandex.ru.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және же дел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
25. Мекен-жайы: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, қабылдау бөлмесінің телефоны 8(71533) 21102, электронды мекн-жайы: airtay-akimat@mail.kz
«Тұрғын үйдің меншік иелері болып
табылатын кәмелетке толмаған
балалардың мүдделерін қозғайтын
мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар
мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне
анықтама беру» Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қол жетімділіктің көрсеткіштері |
Көрсеткіш- |
Келесі жылы көрсеткіш- |
Есептік жылы көрсеткіш- |
1. Уақыттылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғасының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
1.2. Қызмет көрсетуді алу үшін кезекте 40 минуттан артық емес күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс ресімделген құжаттардың оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапамен және ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.2. Тұтынушымен дұрыс толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.3. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Қызметкерлер- |
100 |
100 |
100 |