Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған жетімдерді әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттарын ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" N 235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашада N 325 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 желтоқсанда N 13-3-89 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамызда N 197 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Құқықтық нормативтік актілер туралы» № 213-1 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған жетімдерді әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттарын ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» № 235 қаулысына (құқықтық нормативтік актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 13-3-80 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының атауында, 1-тармағында, осы қаулымен бекітілген қызмет көрсету стандартының атауында, стандарттың 1, 5-тармақтарында, 1-қосымшада «жетімдер» сөзінен кейін «балалар» сөзімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        С. Тұралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады