Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 "Жеке түрді төлемдердің мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2008 жылғы 23 шілдедегі N 7-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 тамызда N 13-5-83 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 01-34/08 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 22.01.2013 N 01-34/08 хаты)

      «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінiң 373394-баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 «Жеке түрді төлемдердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізу:
      1) 1-қосымшада «Кәсіпкерлік қызмет түрлеріне бір айлық есептік көрсеткіш пайызымен біржолғы талондардың мөлшерлемелері» сөздерін «Кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талондардың мөлшерлемелері» сөзіне ауыстырылсын, 1-бағанда «Біржолғы талонның бір күндік мөлшерлемесі пайыз айлық есептік көрсеткіш» сөздерін «Біржолғы талонның бір күнгі мөлшерлемесі теңгемен» сөзіне ауыстырылсын, жаңа редакцияда баяндау және қосымшаға сәйкес 8, 9 тармақтармен толықтыру.
      2) 2-қосымшаны 11-тармақпен келесі мазмұнда толықтыру:

Негізгі көрсеткіштер

Сомасы теңгемен

11

Ойындар жүргізуге пайдаланатын арнаулы компьютер

1536

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      VІІ сессиясының төрағасы                   хатшысы
      А. Кобзев                                  Б. Ысқақова

2008 жылғы 23 шілдедегі № 7-4
аудандық мәслихаттың шешiмiне
қосымша

Кәсіпкерлік қызмет түрлерiне біржолғы талондардың мөлшерлемелерi

Қызмет түрлері

Бір жолғы талондардың 1 күнгі мөлшерлемесі теңгемен

1.

Қолдан сату

120

2.

Дүкенде сату

190

3.

Күркеден сату

230

4.

Бутиктерде сату (темір, пластик т.б)

320

5.

Жеке және жалдағы автомобильдердің иелерінің қызметтері (бағыттық таксиден өзгелері, жолаушылар және жүк тасу бойынша (лицензиялық тасымалдаудан басқа)

300

6.

(стационарлық үй-жайда жүзеге асатын қызметтерден басқа) Сыпырғыш, орман жидектері, бал, саңырауқұлақ және балықтарды жүзеге асыру

120

7.

(стационарлық үй-жайда жүзеге асатын қызметтерден басқа) ауыл  шаруашылығының қосалқы тағамдар, бау-бақша, дача учаскелерін жүзеге асыру

100

8.

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлары барлардың қызметі

99

9.

Үй құстары мен жануарларының жайылымы

42

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады