Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012.10.10 N 01-20/139 хаты)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» № 66 Заңының 18-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметкерлеріне қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2008 жылға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік көрсеткіштер белгіленсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Шериазданов